Абайлаңыз, алаяқ! Ол аз уақыттың ішінде бірқатар ардагерлер мен қарттардың үйіне барып, Жеңіс күніне арналған шақыру қағазын беремін деген сылтаумен жинаған ақшасын алып қойған. Алаяқ әйел өзін әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы ретінде таныстырады. Шақыру қағазымен қоса, қалада ескі купюраларды жаңасына алмастыру акциясы жүріп жатыр деп, жүз мыңдаған ақшаларын қолды еткен.
Өзін әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырған алаяқтың соңғы құрбаны 88 жастағы мына кейуана. Алаяқ келіншек Мария Андреевнаның 400 мыңдай теңгесін жалған ақшаға айырбастап, қашып кеткен. Әжей ол күнді есіне алғысы да келмейді.
Мария Андреевна, зейнеткер: «Ақшасын ауыстыруға бара жатырмын деді. Мен ақша ауысып жатыр ма деп сұрадым. Ол-ия деді. Мен ақымақ меніңде ақшамды ауыстырып беруін сұрандым. Барымды беріп жібердім, сосын ақшамды қайтып әкелді. Сіңілім келді де оның жасанды ақша екенін айтты».
Сондай-ақ, айлакер келіншектің қолында «9-мамыр» мерекесіне шақыру билеті де болған екен. Әжейдің айтуынша, келіншек сеніміне әбден кірген. Опық жеген зейнеткер өзге замандастарының амандығын ойлап, бірден ішкі істер бөліміне шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде, Абай АІІБ-ның қызметкерлері базадағы мәліметтер арқылы алаяқтың жеке басын анықтап, күдікті ретінде 1976 жылы туған жергілікті тұрғынды құрықтады. Қазіргі таңда, ұсталған күдіктінің осы тектес шағымдарға және алаятық қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталуда. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 177-бабы «Алаяқтық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Тергеу амалдар жүргізіліп жатыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GF9ukHAf7jw[/youtube]