ІІМ зейнеткері, 70 жасар Забадам елдімекенінің тұрғыны өз үйінде өлтірілген. 19 науыз күні болған қанды оқиғаны полийейлер тергеп жатыр. Ақназар Тукановтың қызы Шахло қазадан әлі есін жиған жоқ. Әкесінің өлімі кімге керек болғанын түсінбей дал. Ішкі істер саласында 34 жыл қызмет атқарған ардагердің ала жіпті аттаған кезі жоқ деп күйінеді перзенті. Жетпіс жастағы зейнеткерді қаныпезерлер аямаған. Белгісіз біреулер үйге тапа тал түсте кіріп келген. Кәдуілгі үй тонаушылар баспанада ешкім жоқ деп ойлап, баса көктеп келгенде қария кедергі болуы мүмкін деген де жорамал бар. Салтанат Каракозова:»Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданы аймағында аса ауыр қылмыс орын алды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.»
Марқұмның туыстары тәртіп сақшылары Хамзадағы қылмыс секілді қаныпезерлерді жылдам тауып алады деген ойда. Оның үстіне өлтірілген азамат бұрынғы ішкі істер қызметіне өмірінің 34 жылын арнаған ардагер.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7WsZPi22y3I[/youtube]