Бүгін Еңбекші аудандық әкімдігі төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, арнайы қызмет көліктерінің өтуіне кедергі келтіретін қиын аймақтарды «тазалады».
Қолдан қойылған шлагбаумдар мен бордюрлардың кесірінен өрт сөндіру көліктері мен жедел жәрдем қызметтері тиісті міндетін атқара алмайтын көрінеді. Тұрғындардың қолдан жасаған кедергілері осылайша арнайы қызметтерді сағаттап күтуге мәжбүр еткен.
Осындай бейберекетті шешу үшін төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті әкімдік кедергілердің бәрін жойды.
Мұндай жұмыстарды жүргізбес бұрын қолдан жасаған кедергілерді алыңдар деп тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын олар жүргізген еді. Бірақ нәтиже шамалы болғандықтан бірлескен ұжым осындай шешімге келді.
Енді көп қабатты үй аулалары кедергілермен тағы да толтырылатын болса, айыпты азаматтарға әкімшілік айыппұлдар салынатын болады.