Шымкенттегі "Военкомат" аялдамасы

Қала көшелерінде ұзын сонар көлік кептелісі орын алып, жұртты әбден қинап бітті. Осындай жағдай Төлеби көшесінде орын алып отыр.

Шымкенттегі "Военкомат" аялдамасы
Шымкенттегі «Военкомат» аялдамасы

Облыстық қорғаныс істері басқармасының маңындағы  аялдамаға қоғамдық көліктер жетпей тоқтауды әдетке айналдырған. Бірінші өздерінің салғырттығы болса, екінші аялдауға мүмкіндіктің жоқтығынан. Қаптаған көліктер қозғалуға мүмкіндік бермейді. Бұлардың барлығы Ленгірге қатынайды. Арнайы тұрақ емес, заңсыз екенін бәрі біледі.  Аялдамаға аялдай алмайтын тұрғындар 15 метр қашықтықта автобус тосуға мәжбүр екен.

Әсел Абаева, қала тұрғыны:»Аялдамада адамдар үшін ешқандай жағдай жасалмаған. Автобустар айдалаға тоқтайды. Санитарлық тазалық мүлдем сақталмайды. мынау таксистердің кесірінен жарты сағаттар күткен автобустар тоқатай да алмайды».

заңсыз тасымал саудасын жандандырған
заңсыз тасымал саудасын жандандырған

Қалалық қоғамдық көліктерге жол бермей, жасанды кептеліс жасайтын заңсыз таксистермен талай рейд жұмыстары жүргізілген. Тек нәтиже жоқ. Мұны жергілікті жауапты мамандар да мойындайды. Осылайша шарасыз екендіктерін айтып отыр.

Хамит Төлембаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы: «Ол мәселені шешу үшін «Қырғы» базардан осы аялдамаға дейін жол полицейінің жылжымалы  постя жұмыс істейді. Солар сол жерді тазалап тұрады. Негізі ретсіз, заңсыз тасымалды қадағалау жол сақшыларының жұмысы. Жасалып та жатыр. Бірақ, кейде  өызметкерлері жетпейме осындай кептелістер болып тұрады. Салдарынан автобустар керекті карманға кіре алмайды».

ретсіз сауда
ретсіз сауда

Мамандар бұл маңда күндіз-түні жол сақшылары күзетеді дейді. Бірақ, біз онысын байқамадық. Заңсыз тұрақ та, ретсіз сауда да осында. Оған аялдама айналасының ластығын тағы қосыңыз. Санитарлық талапқа сай келмейтін сауда нүктелерінің бірінде тоқаш та, бәліш те пісіріліп сатылады. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QJ3VZyyxtm8[/youtube]