Сарыағаш ауданында төрт жасар бүлдіршін жоғалып кетті. Ақниет ауылында тұратын Серік Бауыржанұлын туыстары үш күннен бері таба алмауда. Ата-анасы баламыз сол маңдағы арыққа түсіп кетті ме деп қауіптенеді. Бірақ судан құтқарушылардың бар әрекеті нәтиже бермей жатыр.
«Соңғы рет көргенімде осы жерде отырды. Кейін ана жерде отырды. Кір деп едім, кірмеді. Ескерттім оларға», — дейді Серіктің әпкесі Роза. Ол бүлдіршінді соңғы көргендердің бірі. Айтуынша, ол көшеде өзі сияқты бірнеше баламен ойнап жүріпті. Үйдің жанындағы Кескен каналына да таяқ лақтырып отырған еді дейді. Кейін жеткіншектер түстенуге кіріп кетенде, сыртта қалып кетеді. Артынша оны туыстары таппай қалған.
Анарбай ТӨЛЕГЕНОВ, атасы: «Былайша өзіміз іздедік. Ауылдың бәрін үйме-үй іздедік. Шөптердің ішін іздедік. Ойнаған жерлерін іздедік. Таба алмадық».
Арыққа түсіп кетті ма деп күдіктенген туыстары каналдың бойын жағалай іздеген. Бірақ нәтиже шықпапты. Болмаған соң аудандық ішкі істер бөліміне хабарлайды. Оқиға орнына жеткен полицеилер болса бүлдіршін тек суға түсіп кетуі бек мүмкін деп отыр.
Марат БЕКБОЛОВ, Сарыағаш аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы: «Қазіргі таңда бізде бір ақ болжамымыз бар. Жоғалған баланың қасында ойнап жүрген балдардың айтуы бойынша біздің жоғалған бала су жаққа ойнап кеткенін айтып көрсеткен. Сол себеппен бүкіл жеке құрам бөлінді сол жерге».
Осыдан кейін ауылға судан құтқару қызметі де келіпті. Алайда бүлдіршіннің туыстары олардың іздеу жұмыстары жүрдім-бардым атқарылғанын айтады. Өйткені Серік жоғалғаннан кеиін екінші күні түске таяу келіп, кеш батпай қайтып кетіпті.
Гүлжаһан АБДУЛЛАЕВА, туысы: «Үңгір жерлер көп еді ғой. Су толып қалған жерлер. Мусорка тұрып қалған жерлер. Тосын жерлер көп еді. Сол жерлерді жақсылап іздемеген да. Азғана іздеді да сүйтіп кетіп қалды. Неге олар іздемейді. Тапқанша іздеу керек еді негізі олар».
Қазір Кескен каналының суы азайтылып, Серікті тек туыстары ғана іздеуде. Өйткені ішкі істер қызметкерлерінен де, судан құтқару қызметінен де ешбір қайран болмапты. Ал қайғыдан қан жұтқан ана болса көз жасын тия алар емес.
Айгүл ТӨЛЕГЕНОВА, анасы: «Балшыларға да бардым. Көңілім сезеді. Мен де анамын ғой. Баламның тірі екеніне. Көрген адам болса айтыңыздаршы. Хабарлаңыздар».
Ұлының табылуынан күдер үзбеген ана қазір аудандық ауруханалар мен қоғамдық орындарды іздестіріп жүр. Үмітсіз шайтан…
Жығылған үстіне жұдырық деп осыны айтыңыз. Осы күні дәл осы ауылда тағы бір төтенше оқиға болды. Сарыағаш қаласының 6 жастағы тұрғыны Дамир Ибрагимов Кескен каналына түсіп кеткен. Міне, оның өлі денесі. Бүлдіршіннің мәйіті тоғанды камераға түсіру кезінде табылды. Су арнасы сондағы Ақниет ауылының тұсында орналасқан.
Айнұр АҚБАЕВА
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=c5i1Uz6JmLM[/youtube]