«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы

400
"Батыс Қытай-Батыс Еуропа" автомагистралінің құрылысы сын көтермейді
"Батыс Қытай-Батыс Еуропа" автомагистралінің құрылысы сын көтермейді
«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» көлік дәлізінің құрылысы

Шымкенттің іргесіндегі «Ынтымақ» елдімекені тұрғындары наразылық білдірді. Олар аты дардай «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысына тексеру жүргізілсе деп отыр. Өйткені мердігер компания құрылыс талаптарына пысқырмайтын көрінеді.

«Ынтымақтың» берекесі ұшты. Осы елдімекеннен өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы басталғалы бері мұндағылардың ығыры шыққан. Шаң тозаң көз аштырар емес деп шағымданады. Ал келісім шарт бойынша жолды салып жатқан шетелдік компания құрылыс алаңына су себуі тиіс екен. БІрақ мұны орындамай жатыр.

Анатолий Ашуркин, тұрғын: «Жол салып жатқан компанияның көлік жүргізушілері жылдамдықты асыра айдайды. Тас төселген жерде шаң-тозаң көтеріліп, көлікті де адамды да көрмейсің. Жақын жерде мектеп бар. Оқушылар осы жолмен жүреді. Жол көлік апаты орын алған емес.  Жаман айтпай, жақсы жоқ. Бұлай жалғасса, қиындықтар болуы әбден мүмкін.»

Тұрғындардың арызы компания өкілдерін таң қалдырды. Олар тас төселген жолға су сеуіп жатырмыз және барлық жұмыстарды келісім -шартқа сәйкес мерзімінде жүргізудеміз деп ақталуда. Міндеттер орындалмаса қомақты айыппұл төлейтінін біледі. Ол бізге қажет емес дейді олар.

Абатэ Чо — құрылыс компаниясының өкілі: «Құрылыс болғасын мұнда көлік көп жүретіні рас. Бірақ тас төселген жолға жиі су сеуіп тұрамыз. Суды Шұбардан алғандықтан, жолға көп уақыт кететіні бар. Сондай-ақ шуақты күндерде су тез кеуіп кетуде. Ал жылдамдықты асыра жүретін жүргізушілерге қатысты айтарымыз. Мұнда 7 компания құрылысқа жұмылдырылған. Біз өзіміздің жүргізушілерді ескерткенбіз».

Сөйтіп,  бұл компания жергілікті жұрттың айтқанын жоққа шығарып  жіберді. Олар тұрғындар шыдасын, құрылысты тамыз айында бітіреміз деп те қосты. Енді ынтымақтық ағайын тамыз айын тағатсыздана күтіп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tNfgZ-VygE4[/youtube]