Білімділер қатары көбейіп келеді

Анығырақ айтсақ, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 11 жүлделі (3 алтын, 7 күміс, 1 қола медаль) орынды жеңіп алды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт негізінде 16 жүлделі орын (3 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль) бұйырды

Елімізде әр жылы үздік оқушыларды анықтау мақсатында пән олимпиадасын өткізу үрдіске айналған. Білім бәсекесі тек жүзден жүйрікті анықтап қана қоймайды, сонымен қоса барлық өңірдегі білім саласының жұмысын таразылап келеді.

Анығырақ айтсақ, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 11 жүлделі (3 алтын, 7 күміс, 1 қола медаль) орынды жеңіп алды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт негізінде 16 жүлделі орын (3 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль) бұйырды
Анығырақ айтсақ, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 11 жүлделі (3 алтын, 7 күміс, 1 қола медаль) орынды жеңіп алды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт негізінде 16 жүлделі орын (3 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль) бұйырды

Айтпағымыз, биылғы Республикалық пән олимпиадасы да әдеттегідей тартысты өтті. Сайыста жерлестеріміз тағы да жеңіс тұғырынан көрініп, абыройды асқақтатты. Анығырақ айтсақ, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 11 жүлделі (3 алтын, 7 күміс, 1 қола медаль) орынды жеңіп алды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт негізінде 16 жүлделі орын (3 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль) бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, биыл еліміздің ең үздік оқушылары наурыз айының 12-15 күндері Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында, 25-30-ы күндері Жамбыл облысы Тараз қаласында өткен олимпиадада анықталды. Осылайша Оңтүстік Қазақстан облысы командасы олимпиадалық көрсеткіш бойынша республика көлемінде Астана, Алматы қалаларынан кейінгі 3-ші орынға табан тіреді.

Сонымен бірге ерекше айта кетерлігі «Ең үздік олимпиадалық команда – 2013» атағымен де марапатталды. Осы орайда облыстың намысын қолдан жібермей жүрген оқушыларды айрықша атап өткенді жөн көріп отырмыз. Шымкент қаласындағы №1 ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Қалмырзаев Серғазы Нүркенұлы үшін биылғы жыл жемісті болды. Ол Азия елдері арасында өткізілген «Азия-Тынық мұхит» олимпиадасында 1-орын (алтын медаль), «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасында 2-орынды (күміс медаль) қанжығасына байлап келді. Ал неміс тілі пәні бойынша қатысқан Дашивец Роман (Шымкент қ., №20 жалпы орта мектеп) «Ең жас қатысушы» жүлдесін иемденді. Өткен жылы да ауыз толтырып айтарлықтай жеңіске қол жеткізген болатынбыз. Абырой болғанда, биыл сол мәртебелі көрсеткіш – 3 орынды сақтап қала алдық. Қазақстанның үздік үштігіне ену үшін ұстаздар қауымының да аянбай тер төккенін айтқымыз келеді.

16-022Ал білімді шәкірттерді анықтау талабы өте қатаң болды. Алдымен аудан, қала көлеміндегі олимпиадада сүрінбеген оқушылар облыстық жарыста бағын сынады. Оларға жалған жауаптарды қолдануға тыйым салумен қатар, ұялы телефондарының байланысын тұншықтыратын құралдар қолданылды. Облыстық кезең барысында оқушылармен бірге, білім сайысының әділ өтуін қадағалайтын қазылар алқасына да қатаң талап қойылды. Таныс-білістік, тәртіп бұзушылық орын алмас үшін оларға бірнеше сағат бұрын ғана төрелік ететіндері ескертіліп отырды.

Осындай сындардан сүрінбей, алға суырылып шыққан шәкірттер 4-ші кезеңге, яғни Республикалық білімділер олимпиадасына жолдама алған болатын. Енді міне, жоғарғы талапқа жоғарғы көрсеткішпен жауап берді. Бұл да болса, Оңтүстіктің білім деңгейімен қатар, үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Сайып келгенде жоғарыда айтқанымыздай, биылғы 2013 жыл Республикалық пәндік олимпиадада облысымыздағы мектеп оқушылары өткен жылмен салыстырғанда 1 медальға артық, ал сапасы бойынша 2 алтын медальға және 4 күміс медальға артып отыр. Ендеше, білім саласындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі үлкен жеңісті күндерге бастайды деген сенімдеміз. Ал аталған көрсеткіштер төмендегі кестеде орналастырылған.

 

Альбина Елшиева
Альбина Елшиева

Альбина Елшиева, ОҚО Білім басқармасының бастығы

– Бүгінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарға үлкен мүмкіндіктер мен  жағдай жасап отыр. Сондықтан олардың үмітті ақтауы жаңа технология көш ілгері дамыған заманда  білім мен ғылымды меңгеруімен астасады. Әрине, бұл үшін ұстаздардың да еселі еңбек атқаруы маңызды. Біздің облыстың білім деңгейі жоғарылап, жемісті көрсеткішке ие болуының өзі Елбасы тапсырмасының  жүйелі орындалып жатқанын көрсетеді. Білім саласындағы жетістіктердің барлығы осы өңірдегі білім олимпиадасының әділ өтуінің нәтижесі деп білеміз. Сонымен қоса оқушылардың өз қабілеті мен білімін дәлелдеуі үшін бар жағдай жасалып отыр.