бюджетті дұрыс жоспарлау бойынша семинар өтті
бюджетті дұрыс жоспарлау бойынша семинар өтті
бюджетті дұрыс жоспарлау бойынша семинар өтті

Қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен барлық бөлім басшылары және есепшілер тест тапсыратын болды. Бұл туралы Шымкентте бюджет заңнамаларын түсіндіру бойынша өтіп жатқан семинар барысында аян болды. Үш топқа бөлініп, үш күн бойы семинарға қатысушылар бюджет заңнамасының тиімділігін арттыру, қаражаттың мақсатты және уақытылы игерілуі төңірегінде нормативтік актілерін ұғынып қана қоймай, біліктілігін де сынайтын болды.

Айта өтейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша облысты 2 млрд. теңге игерілмеген. Сондай-ақ, 34 млрд. теңге төңірегінде заңбұзушылықтар байқалған. Биыл осындай олқылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында ұйымдастырылып отырған семинардың алар орны ерекше дейді ұйымдастырушылар.

Ербол Сандыр, ОҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы: «Тест тапсыруды алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Семинарға қатысқандар тест тапсырып, арнайы дайындалған 50 сұраққа жауап береді. Нәтижесі ертесіне жарияланады. Біз  сараптама жасап, қызметкерлерге қандай заңнама төңірегінде қосымша семинар керектігін анықтаймыз».