Кәмелетке толмаған балаларымызға қысым көрсетіп, жасамаған қылмысын мойындатпақшы деп наразылық білдірген созақтық үш ата-ананың арызы қанағаттандырылды. Үш күн бойы адам-баласын уақытша қамау изоляторына жақындатпаған теріскейлік полицейлердің қылығынан теріс пиғылдар байқалса керек, бүгін Созақ ауданының прокуроры тексеру жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.
Теріскейдің темір торына «бұзақылық жасады» деген күдікпен қамалған үш жасөспрімнің ата-аналары олармен кездесе алмай, аудандық ішкі істер бөлімінің алдын күзеткен еді. Баламызды ұрып-соғып, жасамаған қылмысын мойындатпақшы деп жарияға жар салды да.
Әмзе Омаров, Шолаққорған ауылының тұрғыны:»Кеше тергеуге келген кезде баламды мен танымай қалдым. Балам мені танымай отыр. Әбден ұрған түнімен бар ғой».
Ғазиза Сағындықова, Шолаққорған ауылының тұрғыны:»Алып бара жатқан кезде көрдім мен. Мен өзім шошып кеттім. Алып шығып бара жатқанда анау жүре алмайды. Мал сүйреген сияқты әкетіп бара жатыр».
Перзенттерінің тағдырына алаңдаған ата-аналар аудандық прокуратураға арызданып, көмек сұрады. Тексеру жұмыстарын жүргізген прокурорлар полицейлердің былығын ашып берді. сөйтсе қызыл жағаларымыз тым дандайсып кеткен екен. Арнайы сараптамадан өткен үш жеткіншектің бірінде ғана сол және оң жақ қабағында жеңіл дәрежелі жарақаттар анықталған. Екіншісінің сырт киімінің жеңінен скотчтың қалдықтары анықталып алыныпты. Енді ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Нұрғали Асханбеков, Созақ ауданы прокуроры: «Үш балаға бірдей дене жарақаты салынды деген уәждері дәлелденген жоқ.
Бірақ біреуіне жеңіл дене жарақатын салғанын сарапшылар анықтады. Ішкі істер қызметкерлерінің бұл әрекеті заңсыз. Сондықтан ҚР ҚК-нің 141 бабы 2-бөлігі «А,Г» тармақшаларымен қылмыстық іс қозғалып, арнайы прокуоролар басқармасына тергеу амалдарын жүргізу үшін жолданды».
Прокурорлардың анықтауынша, полицейлер үш баланы аямай ұрып соқты деген ата-аналардың уәждері негізсіз болып шыққан. Олар тек бір бір жасөспірімнің жұдырықтың астында қалғанын анықтапты. Бірақ ата-анасы шу көтерген ұсталған күдіктілер де судан ақ сүттен таза болмай шыққан. Қару қолданып бұзақылық жасаған, қаруды заңсыз тасымалдаған, адамды заңсыз бостандығынан айырмақ болған деген айып тағылыпты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EAi2AxfV4IE[/youtube]