Кедендік Одақта бірыңғай сертификат үлгісі енгізілді

433
Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов
Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов
Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов

Қазақстан, Ресей, Белорусияда шығарылған тауарлар мен өнімдер бірыңғай стандарттарға сай болуы тиіс. Кедендік Одақтағы үш елдің өзара нәтижелі жұмыс істеуін қамтамассыз ету мақсатында  кезеңмен жаңа ережелер қабылдануда.

Ғалымжан Дұғалов, техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының орынбасары: «Кедендік одаққа кіретін   Ресей, Қазақстан және беларус елдерінде енді  бірыңғай сертификаттар үлгісі енгізілуде. Мәселен 15 ақпанан бастап  машинақұрылыс және электротехникаға  техникалық регламент бекітілді. Ал шілденің 1-нен бастап 3 елдің аумағында  тағам қауіпсізідіг бойынша техникалық регламент қолданыста болады. Бұл дегеніміз өнімдердің сапасына  аса  көңіл бөлінеді. Біздің мақсатымыз  Кедендік Одақтың жұмысын оңтайландыруға   қабылданған заңнамалар, ережелермен өңірдегі сала мамандарын таныстыру».

Кедендік Одақ шеңберіндегі қабылданып жатқан заңнамалар жұмысымызды жеңілдетеді дейді семинарға қатысушылар.Үш ел аумағындағы өнім айналымы, сатылатын өнімнің сапасын қадағалауға бағытталған техникалық регламент ережелерін білу заман талабы деп есептейді сала мамандары.

Наталья Бабякина, МСЭҚД директорының орынбасары : «Екі күндік семинар мерзімінде ұйымдастырылған шара. Қазақстанның Кедендік Одаққа мүшелігі біздерге үлкен міндет жүктейді. Қабылданған жаңа заңнамаларды біз техникалық реттеу және метрология департаментімен тығыз қарымқатынаста жұмыс істейміз. жергілікті жерде өндірілетін өнімдердің сапасы стандарттарға сәйкес болуы тиіс».

Кеден Одағының жүйесін дамыту мақсатында қабылданған жаңа ережелер бойынша  жұмыс істеу  Қазақстан үшін өте маңызды. Өйткені біздің ел жылдың соңына дейін бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруді жоспарлауда. Халықаралық стандарттарға ие болу- қазақстандық тауарлардың бәсекелестігін тек арттырады.