Бүгін өңіріміздегі № 1 саңырау балалар мектеп-интернатының оқушылары ерекше қуанышқа бөленді. Ірі компания мен бүлдіршіндерге қол ұшын созып жүрген қоғамдық қор өкілдері мұнда ойын алаңшасын салып берді. Айта өтейік мектеп интернатта осы күнге дейін алаңша болмаған екен.
Ойын алаңының тұсаукер рәсіміне демеушілермен бірге ұстаздар және балалар да қатысты. Бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. 206 бала білім алатын интернатқа балалар алаңын сыйлау үшін демеушілер 2 млн. теңгеден астам қаржы жұмсған.
Жангелді Сәрсенов, «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті: «Біз алғашында тек Алматыда қайырымдылық шарасын өткізетінбіз. Кейінірек Шымкенттегі жарымжан балаларды да естідік. Олардың жүзінен қуаныш лебі сезіліп тұруының өзі біз үшін мәртебе. Қолдау көрсетуден ешқашан жалықпаймыз біз».
Белла Тормышева, «Эйр Астана» АҚ вице-президенті: «Біз мұндай қайырымдылық шараларын жиі өткізіп тұрамыз. Тек жарымжан балаларға ғана емес, балалар үйіне және қарттар үйіне де. Мәселен, біздің әуекомпания ардагерлерге тегін қызметін ұсынады. Қай бағытқа болса да тегін баруына мүмкіндігі бар. Бұл бізде ғана қаралған. Сонымен қоса , біз Шымкенттік мүмкіндігі шектеулі балақайларға осындай қуаныш сыйлауды дұрыс көрдік. Себебі балалық шақтың қызығы болсын, олар тәтті кезінен айырылмасын деп».
Сыйға-сый ұсынуды жөн көрген балалар өнерін ортаға салып, келген қонақтарға алғысын білдіріп жүр. Жүздері бал-бұл жайнаған олар алған сыйлықтарына дән риза.
Ұлық Ерсұлтан, №1 саңырау балалар мектеп-интернатының 4-сынып оқушысы: «Мен өте қуаныштымын. Қазір ойнап жүрмін. Қонақтарға тақпақ айтып бердім. Үлкен рахмет. Мен бұл жақсылықтарды ұмытпаймын. Бізге келіп тұрыңыздар деп келген қонақтарға айттым. Тағы да рахмет. Енді достарымызбен ойнаймыз, басқа мектептерге көзіміз қызбайтын болды».
Бүінде балалар ойын алаңы салынған орын 60 жылдан астам уақыт бойы қаңырап бос тұрған. Әр жылы жоспарланғанымен, келер жылға ысырылып отырған. Өйткені қаржы жоқ, қолбайлау.
Бақытгүл Қаттебекова, «Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» КММ директоры: «Бұрын соңды бізде мұндай алаңша болмаған. Балаларымыз қуанып, секіріп ойнап жүр. Олардың жүзіндегі қуанышты көріп, біз де шаттанып қалдық қой. Менің ойымша, бұл мектеп те бір үй сияқты қажеттеліктерді талап етеді. Жылдар бойы сұранған алаңшамыз да әкелінді міне. Мен ойлаймын, балалар болған соң, шашылады-тозады. Сол сияқты бұл мектепке үлкен үй деп қараған дұрыс. Назар аударған дұрыс».
Шарапты мол шара мектеп шәкірттерінің концерттік кешіне ұласты. Осылайша әткеншек тебуді армандаған бүлдіршіндер алаңшада мәре-сәре болып ойнап жүр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Gu6YUJQSdcE[/youtube]