Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші сотталды

327
Көлік жүргізушілер медициналық тексеруден өтпеген

 

Көлік жүргізушілер медициналық тексеруден өтпеген

Шымкентте масаң күйде көлік айдаған жүргізуші сотталды. Оның үстіне ұсталғанның көлік басқару куәлігі де жоқ болып шыққан. Жол полицейлерінің құрығына түскен жүргізушінің ісі бүгін «Мамандандырылған әкімшілік сотында» қаралды.

Айта өтейік, ОҚО-да осы уақытқа дейін спирттік ішімдік ішіп алып рөлге отырғандар дерегі бойынша іс сотта қаралмаған. Судья ұсталғанның үстінен әкімшілік іс қозғалғанын хабарлай отырып, 10 тәулік түрмеге қамау жазасын кесті.

Сотталушы бұл әрекетке амалсыздан барғанын айтып ақталмаққа әрекеттенді. Айтуынша ол баласының аяқасты ауырып қалғанын естіп, көлікке отырып кете барған. Сөйтіп ұсталып қалыпты. Бірақ оның өтінішін судья қабылдамады.