«Нұрсәттіктер» қора-қопсысыз қалды

Құбырдан 5 метр қашықтықта ешқандай нысан болмауы тиіс
Құбырдан 5 метр қашықтықта ешқандай нысан болмауы тиіс
Құбырдан 5 метр қашықтықта ешқандай нысан болмауы тиіс

«Нұрсәт» шағынауданындағы бірнеше үй қора-қопсысыз қалды. Өйткені, коттедж аймағынан салынған баспаналардың қора-жайы су құбырының үстінен өткен екен. Бұл апатты жағдайда қиындық туғызады. Сондықтан қораның бәрі бұзылсын деген шешіммен сот орындаушылары бірқатар нысанды жермен жексен етті. Ал бір сәтте ауласы қаңырап қалған шағынаудан тұрғындары енді не істерін білмей дал.

Үлкен су құбыры өткен жер бетіндегі заңсыз құрылыс осы. Құбырдан 5 метр қашықтықта ешқандай нысан болмауы тиіс. Соттың бұл қораларды бұзуға шешім еткені сондықтан. Ал бір сәтте қорғанынан айрылған тұрғындар ес жия алмай жүр. Заңсыз бұзды дейді ауласын.

Нұрсәттіктердің ашуымыз орынды. Өйткені, қорамыздың бұзылатыны жөнінде ескерткен жоқ деп зар илейді. Айтуларынша, белгілі уақытты өткерген соң нысан сала беріңдер деп биліктің өзі баяғыда рұқсат беріпті.

Сот орындаушылары ескертудің 2 ай бұрын жасалғанын айтады. Сөйтіп, сот шешімі бойынша 7 үйдің қорасын бүгін жермен-жексен етті. Олар шешімді орындау азаматтың әлеуметтік жағдайына тәуелді емес дейді.

Коттедж аймағындағы басқа үйлердің құжаттары қазір сот қарауында жатыр екен. Тура би тағы шешім шығарса, мұндағы қоралардың барлығы да алдағы уақыттарда «тазаланады».