Науқастардың қырым-қанды безгегін жұқтырғаны расталмады

465
Науқастар әлі де ауруханада жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым-қанды безгегі ауруын жұқтырған деген күдікпен ауруханаға жатқызылған науқастардың диагнозы расталған жоқ. Облыстық санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Жұмағұл Медетов осылай деп мәлімдеді.

Науқастар әлі де ауруханада жатыр
Науқастар әлі де ауруханада жатыр

Жауапты қызметкердің айтуынша, Шымкент қаласы мен Бәйдібек және Созақ ауданындарында кене шағып, дәрігерлер бақылауына алынған азаматтарға ЖРВИ диагнозы қойылыпты. Ал көкала дертіне шалдыққан адам жоқ. Бірақ, қуануға ерте дейді мамандар. Өйткені өңірде кене шағу деректері азаймай тұр. Осы күнге дейін 1153 адамды қан сорғыш жәндік шаққан. Ал былтыр бұл кезеңде 900 адам дәрігерлерге кене шақты деп шағымданған екен. Қалай болғанда да санитар мамандар халықты сақ болуға шақырады. Өңіріміздің аудандарынан қырым-қанды безгегін тарататын кенелер табылған.