Оңтүстік Қазақстан облысы өнерпаздарының қоржыны тағы да 19 жүлдеге толықты. Өңірімідегі саз колледжінің 19 бірдей студенті республикалық-халықаралық байқаулардың жүлделерін жеңіп келді! Олардың 3-уі — 1 -орын. Осыған орай колледж ұжымы баспасөз-мәслихатын өткізді. Айта кетейік, Алматыда өткен Республикалық кіші олимпиадада, Бішкек қаласында 3-ші халықаралық гитаристер байқауында, Республикалық жас орындаушылар өнер додасында өнер көрестіп, жеңімпаз болған өнерпаздар арнаулы оқу орнын бітірген соң, жоғарғы оқу орнының грантында оқуға мүмкіндік алып отыр. Ал осындай дүбірлі додаға қатысқандардың ең кішісінің жасы — 16-да.
Ақсәуле Бағланова, 2-орын иегері: «Шынымды айтсам, алғашында 2-орын алдың деп хабарлағанда сенбедім. Себебі осындай үлкен байқауда жеңіске жетуді армандасам да, жетемін деп ойламаған едім. Күтпеген жеңіс болды! Мен бұл байқауға барған кезде бұрындары шымкенттіктер шекті аспаптар бойынша соңғы орындарды алып келгенін білмеген де едім. Сол жерде көпішілктен, үлкендерден естідім. Сондағылардың «Шымкент қайбір ойнайды дейсің?!» деген пікірлері намысыма тиді. Бірінші және екінші кезеңге келгенде тіпті білек сыбана ойнадым десем де болады. Жеңіске деген ынтам, сенімін арта түсті. Негізі мен алғашында скрипка таңдаған едім. Мектепте жүріп виолончель деген аспапта ойнап үйрендім. Сөйтіп жүргенде маған осы аспап қатты ұнап қалды. Бірақ виолончель үлкен әрі ауыр, қыз баласына ары-бері алып жүру қиын болғандықтан, альт деген аспапты дұрыс көрдім. Үйретуші ұстазды да бұрыннан танитын едім. Менің ойымша, альт ол виолончель мен скрипканың ортасындағы дыбыстаушы аспап, яғни екеуінің қосындысы ғой. Осылайша екі сүйікті музыкалық аспаптарымның қосындысын таптым. Сондықтан мен альт деген аспапты ойланбастан таңдадым. Жоспарым да арманым, мақсатым да осы аспапта ойнауды дамытып, шәкірт тәрбиелеу. Небәрі 3,5 жыл ішінде осындай жетістікке жету мен үшін үлкен қуаныш».
Айгүл Еркенқызы, ОҚО саз колледжі директорының орынбасары: «Біздің шәкірттердің республикалық және өзге елдердегі байқауларды бағындыруы бізге үлкен мақтаныш! Бәрінен бұрын студенттердің еңбекқорлығы мен ынтасын бағалау керек. Олардың музыкаға деген қызығушылы осындай нәтижеге қол жетікізіп отыр. Сондықтан біздің мақтанышымыз болған студенттерімізге сәттілік тілеймін!»
Ал наурыз айында үлкен жетістікке жетіп, Оңтүстіктің абыройын асқақтатқан жеңімпаздар есімі:
Республикалық Кіші олимпиада (Алматы қаласы, 2013ж.)
Әбдіразақ Сафура (ОҚО саз колледжі, 3-курс, домбыра өнері, мұғалімі Анашев М.И) — 2-орын;
Бектұрова Салтанат (ОҚО саз колледжі, 3-курс, домбыра өнері, мұғалімі Рүзденова А.Б) — 3 орын;
Ағайдаров Ерғали (ОҚО саз колледжі, 3-курс, дәстүрлі ән, мұғалімі Серікбаев Ә.Р) — 2-орын;
Құрасбеков Еркебұлан (ОҚО саз колледжі, 3-курс, дәстүрлі ән, мұғалімі Серікбаев Ә.Р) — 3-орын;
Шарипов Артур (ОҚО саз колледжі, 4-курс, аккордеон, мұғалімі Демченко В.П) — 1-орын;
Исахантегі Әуезхан (ОҚО саз колледжі, 3-курс, аккордеон, мұғалімі Голованевский) — 2-орын;
Жолдасбеков Ақжігіт (ОҚО саз колледжі, 3-курс, баян, мұғалімі Демченко В.П) — 3-орын;
Байболат Асхат (ОҚО саз колледжі, 1-курс, аккордеон, мұғалімі Демченко В.П) — 3-орын;
Танкибаев Ринат (ОҚО саз колледжі, 1-курс, аккордеон, мұғалімі Голованский Г.Г) — 2-орын;
Мыңбай Көркем (ОҚО саз колледжі, 2-курс, баян, мұғалімі Демченко В.П) — дипом.
ІІІ Халықаралық гитаристер байқауы (Бішкек қ, 2013ж.)
«ОҚСК-нің гитаристер квартеті» — 1орын;
А.Лазарев (16 жасқа дейін) — 1-орын;
Р.Пирназаров (17-22 жас аралығында) — 2-орын;
К.Обеленец — 2-орын.
ХХХІV Республикалық жас орындаушылар байқауы (Алматы, 2013)
Бағланова Ақсәуле (4-курс, мұғалімі Сейтенова Г.А) — 2-орын;
Ағайдаров Ерғали (3-курс, мұғалімі Серікбаев Ә.Р) — 3-орын;
Сартай Самат (2-курс, мұғалімі Саймасаева Д.А) -3-орын;
Айдарханов Алихан (3-курс, мұғалімі Оспанова Л.Н.) — дипломант;
Коцупей Дарья (4-курс, мұғалімі Ким Н.П) — дипломант.