Ерлан Тұрқараға компания өкілдігі құны 90 мың теңге тұратын есту аппаратын сыйлады
Ерлан Тұрқараға компания өкілдігі құны 90 мың теңге тұратын есту аппаратын сыйлады
Ерлан Тұрқараға компания өкілдігі құны 90 мың теңге тұратын есту аппаратын сыйлады

Дарындыға жол ашық. Төлеби ауданындағы құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Ерлан Тұрқара Ресей мемлекеті жарияланған сурет байқауынан бірінші орын алды. Жарыстың ерекшелігі, мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмысын Ресей, Қазақстан және Белорусь елдерінің азаматтары онлайн дауыс беру арқылы қазылық еткен. Нәтижесінде, Ресейлік компания дарын иесіне қымбат бағалы есту аппаратын сыйлады.

Мектеп-интернаттағы 7 оқушының бүгін мерейі үстем. Мүмкіндігі шектеулі балалар анау-мынау емес, Ресейдегі есту аппараттарын шығаратын компания жүргізген акцияның түрлі дәрежелегі жеңімпаздары болды. Олар Мәскеуге барған жоқ, осында салған суретін ғаламтор арқылы жіберіп, онлайн дауыспен жеңімпаз атанды.

«Туған өлкемнің табиғаты». Осындай аталыммен 9-сынып оқушысы Ерлан Тұрқара бірінші орынды алды. Акцияны ұйымдастырушылар жеңімпазға – есту аппаратын сыйлады. Тұрқара үшін бұл сый ең құнды зат. Өйткені, бұл апарат оның асқақ армандарының орындалуына көмекшінің бірі.

Суретшілердің жұмысы онлайн-дауыс беру арқылы бағаланды. 200 оқушы қатысқан шарада біздің облыстың дарындылары жеңіп шығуы заңды дейді ұжым. Өйткені, оқушылары дарынды.

Мектеп ұжымы, жақында бишілерін де астанаға жібермек. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалар өздері қатысқан жарыстардан олжасыз оралған емес.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=h__slGeT_0g[/youtube]