ОҚО аумағындағы құрылыс салу жобасы талқыланды

248
құрылыс салу жайы талқыланды
құрылыс салу жайы талқыланды
құрылыс салу жайы талқыланды

Облыс аумағында құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттарын алу тәртібі жаңа ережеде жазылған. Әзірге құжат қабылданбады, талқылау үстінде. Рұқсат қағаздарының дайындау мерзіміне қатысты сәулетшілер өз ұсыныстарын мәжілісте жеткізді.

Нұрлан Архабаев, Шымкент қаласының бас сәулетшісі: «Ережеде техникалық шарттарды  — құрылысқа  рұқсат қағаздарын дайындау міндеті сәулетшілерге жүктелуде. Алайда монополистер 5 күннің ішінде  құрылысты жүргізуге қатысты өз рұқсаттарын  бермейді. Бұл мерзімдерді   қайта қарастыру жөнінде  агенттікке хатпен шығу қажет деп есептеймін».

Сала мамандары өңірде су шаруашылығына қатысты жобалар ескеріліп олар бойынша мәліметтердің осы күнге дейін бірыңғай электрондық базасы жасалмағанын айтуда. Құрылыс басталған шақта ол аумақта жер асты коммуникациялары өтетінін не қорғау аймағы орналасқаны анықталатыны ешкімге құпия емес. Ережеде рұқсат құжаттарын дайындайтын құрылым оны қай мерзімде рәсімдеу қажеттігі нақты көрселісе онда келеңсіздіктерге жол берілмес еді дейді қара әкімі.

Қайрат Молдасейітов, Шымкент қаласының әкімі: «Бізде тұрған ештеңе жоқ. Біз ол рұқсат құжаттарды уақытында береміз. Су жүйелеріне қатысты біз міндеттерімізді орындаймыз. Ал электр жарығы және жылу жүйелері бойынша біздің өкілеттігімізге кірмейді. Өйткені бұл  қуат көздері монополситердің қолында. Оларға шараны тек монополияға қарсы агенттік көре алады».

Салынып қойған баспанаға рұқсат құжаттарының мерзімінде рәсімделмеуі күтпеген жайдайларға әкеп соғуда. Мұндай күрделіктерге жыл басында Созақ ауданының тұрғындары тап болды. Дүлей дауылдың салдарынан үйлері қираған азаматтар мемлекеттен өтемақы ала алмады. Өйткені қолдарында құрылысқа рұқсат қағаздары болмай шыққан.

Болатбек Әлиев, облыс әкімінің орынбасары: «Бір мыңнан астам үйдің  500 -ге жуығында құжаттары болмай шықты. Оларға өтемақы қоғамдық  қайырымдылық қоры есебінен төленді. Егерде аудан әкімдігі және жер, сәулет бөлімдерінің  мамандары өз жұмысын өз деңгейінде орындаса  мұндай   проблемалар туындамас еді».

Егерде облыс әкімдігі мәжілісінде айтылған барлық ұсыныстар мен ескертпелер ОҚО аумағында құрылыс салудың жаңа ережесін бекітуде ескерілсе онда жұмыс оңтайландырылады. Құжат таяуда облыстық мәслихаттың сессиясында қаралады.