Педофилдер көбейіп кетті

417
зорлық-зомбылыққа қатысты істер тергеуде де жатыр
зорлық-зомбылыққа қатысты істер тергеуде де жатыр
зорлық-зомбылыққа қатысты істер тергеуде де жатыр

ОҚО судьялары жасөспірімдерге жасалған зорлық-зобылық әрекеттерінің жиілеп кеткенін айтып дабыл қағуда. Тағайындалып жатқан жазаның ауырлығына қарамастан, педофилдердің қатары азаяр емес.

ОҚО облыстық соты соңғы 3 жылда балаларға қатысты зорлық бойынша 56 қылмыстық іс қозғады. Соңғы үш жылдың ішінде өңірде 56 адам балаларға қатысты жасалған зорлыққа кінәлі деп танылған. Жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорлауға қатысты 8 іс қаралған. Мұндай деректер 2010 жылы -12, 2011 жылы — 24, ал 2012 жылы 12 рет тіркелген. Судья Әбинұр Қарабаевтың айтуынша, педофилдер арасында егде жастағы адамдар да бар.

Мәселен, облыста 62 жастағы зейнеткерге қатысты іс қозғалған. Ол бірнеше жыл бойы өз қыздарын бірге тұруға мәжбүрлеп келген. Сотта қаралған сорақы істердің бірі осыдан екі жыл бұрын орын алды. Ол кезде бір топ азамат 8 жастағы қыздың абыройын айрандай төккен. Апталдай азаматтар қаршадай қызды пәтерге алдап әкеліп, бірнеше күн бойына сайран құрған. Артынан қызды өлтіріп, мүрдесін бөлшектеп, тұрғын үй секторына тастап кеткен. Полицейлер қыздың мәйітін бірнеше күннен кейін тапқан. Сот қылмыскерлерге 25 және 20 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын кесті.

Облыстың келесі бір тұрғыны асырап алған қызын үш жыл бойы зорлап келгені үшін 18 жылға сотталды. Үкім шығарылғаннан кейін әлгі адам өзіне қол жұмсамақ болған. Дегенмен, қылмыскердің арам бұл ойы іске аспай қалған. Ол қазір жазасын өтеп жатыр.

Айта кетейік, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың да педофилдікке баратындығы туралы деректер бар болып шықты. Шымкентте 16 жастағы бозбала он жастағы оқушы қызды көзден таса жерге алдап апарып, зорлаған. Бозбала сот үкімімен он жылға бас бостандығынан айырылды.