Полицейлер қару өткізгендерге 71 миллион теңге қарыз

391
қару-жарақ
қару-жарақ
қару-жарақ

Қаруын өткізгендер қаржыдан қағылды. ОҚО-да «Өз еркімен қару өткізу акциясы» аясында ІІД-іне қару жарақтарын ерікті түрде әкеп бергендердің бірәзі ақшасын ала алмай сандалып жүр. Белгілі болғандай департаменттің тұрғындарға 71 млн. теңге қарыз берешегі бар. Айтуларынша, Үкіметтен бөлінген қаржы жетпей қалған. Ал қаруын өткізгендер қашан ақша алатыны әзірге белгісіз.

Екінші топтың мүгедегі Ербол Жанбатыров былтыр көппен бірге қару өткізу акциясына өз еркімен қатысқан. Әкесінен қалған қос ауызды мылтықты Абай аудандық ішкі істер бөліміне өткізіпті. Заңсыз қару сақтады деп істі болғысы келмепті. Қолына 48 540 теңге өтемақы аласыз деп хатта келген. Алайда бір жылдан бері ақшасын ала алмай дал болып жүр.

Ербол Жанбатыров: «Қаулы шыққаннан кейін сразу апарып өткіздім. Cосын бір айдан кейін хат келді. Сол хатты арқалап жүргеніме бір жыл болды. ІІД-не барсаң кіргізбейді, түсіндірмейді. Сырттан есеп-қисап бөліміне қосады. Олар ақша жоқ дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Енді қанша күтеміз, соны анық айтса болады ғой».

Өңірде Ербол сияқы өтемақысын ала алмай жүрген 670 азамат бар екен. Оларға акцияға деп республикалық бюджеттен бөлінген 37 млн. теңге жетпепті. Халық жаппай қаруын өткізіп, ІІД-іне бқлінген қаржы жерпей  қалған. Аз емес 71 млн. теңге. Бұл туралы ішкі істер департаментінің қару айналымын бақылау бөлімінің мамандары жария етті.

Нұрсұлтан Жанбаев
Нұрсұлтан Жанбаев

 

Нұрсұлтан Жанбаев, ОҚО ІІД қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы:»2012 жылы  алғашқы тапсырылған қаруларға  37 миллион толығымен төленді. Басқа тапсырған 670 азаматқа өтемақы жетпеуіне байланысты республикалық бюджеттен бүгінгі таңда қосымша қаржы жолдау туралы құжаттар жолдануда. Бүгінгі таңда барлығы қаралып, жоспарланып, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында толығымен өтеу қарастырылуда».

Былтыр акция аясында 2214 дана қару, 5200 оқ-дәрілер, 1 жарылғыш зат тапсырылған екен. Өтемақысын ала алмай жүрген азаматтар тағы да біраз күтуі керек. ал қаруын өткізбегендер болса енді көк тиын да алмайды. Өйткені облыста қаруларды тәркілеу акциясы басталған.