16 мың қазақстандық жасөспірім әскери борышын өтеуі тиіс
16 мың қазақстандық жасөспірім әскери борышын өтеуі тиіс
16 мың қазақстандық жасөспірім әскери борышын өтеуі тиіс

Қалалық әскери комисариатта көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Отан алдындағы борышын өтеуге ниеттілердің саны басым. Алайда әскерге барлығы бірдей жіберілмейді. Оған қоса биыл жас сарбаздарға қойылатын талап тым қатаң.

Қалалық әскери комиссарияттағы дәлізде бүгін әскерге шақыртушылар соншалықты көп емес. Сәуірдің басында жаңадан шақырылғандарды арнайы комиссия електен өткізеді. Олардың сөзінше, жасөспірімдер отан қорғауға дайын емес. Батпандап кірген дерті көп.

Күланда ҚЫЛЫШБАЕВА, аға дәрігер: «Бізде көбінесе, майтабан, геморрой, асқазан жарасымен ауыратындар жиі кездеседі. Соңғы кездері семіздікпен ауыратындар да артты».

Бұл жылы әскерге шақыртушыларды қабылдау тәртібі қатаңдалды. Еліміздің қарулы күштер қатарын кез келген сарбаз толықтыра алмайды. Отаны үшін от кешетіндер осыған дейін тіпті, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, ары таза азмат болуы тиіс.

Жанайдар ПЕРНЕБЕКОВ, Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары: «Талап тым қатал. Биылғы жаңалық жасөспірім бұған дейін әкімшілік айыпқа тартылмаған болуы тиіс. Оған көліктегі тәртіпсіздік, бұзақылық және қоғамдық тәртіпті бұзу жатады».

Былтыр әскерге көктемгі шақырту оң нәтижесін берген еді. Сол кезде қарулы күштер сапы Оңтүстіктен барған 2 мың сарбазға толыққан. Осындай нәтиже үшін еліміздің Қорғаныс министрлігі бізге алғыс та білдірген. Ал биылғы шама қалай болары әзірге белгісіз. Белгілі сол, 16 мың қазақстандық жасөспірім әскери борышын өтеуі тиіс.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ra5Ak227W44[/youtube]