«Тұран » шаруа қожалығы Түркістан ауданындағы іріленген шаруашылықтардың бірі. 90 жылдары құрылған шаруашылыққа бүгінде 50 тарта ұсақ шаруашалық біріккен. Бүгінде тұрандықтар қалдықсыз өндіріс үрдісі бойынша еңбек етуде. Былтыр 1 мыңнан астам гектарда егілген мақтадан мақта майынан бастап, кебек, шрот, сабынға дейін өңдейді. Шаруашылықты ары қарай дамытуға диқандарда ынта бар, қаржы жоқ.
2009 жылы 90 млн теңге көлемінде алған несиені шаруашылық әлі күнге дейін төлеп келеді. Алайда осыған қарамастан шығындарды төмендету мақсатында резеңкеден суғару құбырларын жасап шығаруда. Бұл тек шаруашылықтың қажеттілігін өтеп қана қоймай, аудандардан түскен тапсырыстарды орындауда. Мақта талшығы да осында өңделеді. Оның сапасын арттыру үшін замануи құрал -жабдықтар қажет. Келешекте тұрандықтар мал шаруашылығымен айналыспақ. Қораларды салу үшін ұзақ мерзімге несие керек.
Ауылдың өркендеуі- шағын және орта бизнестің дамуына тікелей байланысты екенін халық қалаулылары да біледі. Сондықтан да аталған проблемаларды жоғары деңгейде көтеріп шешуге көмектемесіз деп уәделерін де берді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zZhhq6u8EdY[/youtube]