Шымкент төтенше жағдайға толық дайын емес

579
Төтенше жағдайдың бір көрінісі

Шымкентте жер сілкінісі бола қалса, кейбір мекемедегі адамдар оған толық дайын емес! «Жарты ай» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстіктегі филиалы және мемлекеттік қызметкерлер бірігіп, түрлі мекемелер мен оқу орындарында 8 ай бойы арнайы тренингтер мен оқу-жаттығулар өткізген болатын. Нәтижесінде жекеменшік ұйымдардың дені осындай шараларға қырын қарайтыны анық болды.

 

Төтенше жағдайдың бір көрінісі
Төтенше жағдайдың бір көрінісі

Төтенше жағдайдың түрі көп. Ешқайсысы жақсылықпен аяқтала бермейді. Соның бірі — зілзала. Бетін аулақ етсін, жер сілкіне қалса, әрбір азамат өзінің және айналасындағылардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті әрекеттерді бірден қолға алуы керек. Осы ретте жекеменшік нысандардағы жағдай қиындауы мүмкін. Себебі, сонда қызметшілер мен жұмысшылар төтенше жағдай қызметінің арнайы өткізетін жаттығуларын керек етпейді.

Бұл жолғы түсіндіру жұмыстарына да адам көп жиналған жоқ
Бұл жолғы түсіндіру жұмыстарына да адам көп жиналған жоқ

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жарты ай» қоғамдық бірлестігі мен өңірлік төтенше жағдай департаментінің құрылымдары бірігіп, 8 ай бойы өткізген шаралардың қорытындысы осыған саяды. Жалпы, тұрғындар да аласапыран бола қалса не істеу керегін біле бермейді. Ол да немқұрайлықтың салдары. Шын мәнінде оқу-жаттығу жұмыстарына жауаптылар 10 мың адамды тартқан.

 

Малика Жүсіпова, "Жарты ай" қоғамдық бірлестігінің ОҚО филиалының директоры
Малика Жүсіпова, «Жарты ай» қоғамдық бірлестігінің ОҚО филиалының директоры

 

 «Біз, өкінішке орай, осы жаппай оқу-жаттығу жұмыстарына облыс тұрғындарын толық қамти алмадық, — дейді Малика Жүсіпова, «Жарты ай» қоғамдық бірлестігінің ОҚО филиалының директоры. — Шынын айту керек, қала халқының ең құрығанда 20 пайызына жер сілкінісі болғанда қалай әрекет жасауды үйретсек, біздің көп жұмысты еңсерген болар едік. Жалпы, әр үйден бір адам төтенше жағдай орын алғанда не істеу керегін білуі тиіс».

Алмағайып заман бола қалса, адамдар барлық жағдайға дайын болуы тиіс. Төтенше жағдай қызметі мамандарының да мақсаты осы. Жалпы, Шымкент — сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақ. Сондықтан төтенше жағдайда қажетті ережені әрбір мекеме басшылары мен қызметкерлер білуі тиіс.

Батырғали Сопбеков, Шымкет қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы
Батырғали Сопбеков, Шымкет қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы

 

«Төтенше жағдайда әрекет жасаудың ережесінде әр мекемеде 3 жылда бір рет оқу-жаттығу жұмыстары өтіп тұруы тиіс деп көрсетілген. Бұл мерзім сол мекемеде жұмыс істейтін адам санына байланысты өзгеріп тұрады, — деп түсіндіреді Батырғали Сопбеков, Шымкет қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы. — Егер жұмысшылар саны 300-ден көп болса, онда кешенді оқу-жаттығу өткізілуі керек. Кешенді жаттығу 3 күнге созылатын іс-шара. Ал жұмысшылар саны 300-ден аз болса, нысанды оқу-жаттығу ұйымдастырылады. Бұл жаттығу таңғы сағат 08:00-ден басталып, кешкі сағат 5-ке дейін аяқталады».

Төтенше жағдай қызметінің мамандары жер сілкінген жағдайда әрбір адам ең алдымен қауіпсіз жерге жетуі тиіс деп нақтылайды. Ол үшін алыдмен қауіпсіз аймақтың қайда екенін білгеніңіз жөн. Сондықтан сіз жұмыс жаксайтын мекеме және тұрғын үйлерде қосалқы есіктердің болуы әбден маңызды.

Ғимараттың ішінен басыңызды қолыңызбен немесе бір затпен жауып шығу керек
Ғимараттың ішінен басыңызды қолыңызбен немесе бір затпен жауып шығу керек

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DQveM848AXs[/youtube]