Шымкентте ірі құрылыс алаңынан өрт шықты. Бұл төтенше жағдай күндізгі уақытта, сағат 14:00 шамасында Ахмет Байтұрсынов және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орын алған.
Шаңқай түсте көше қиылысындағы көп қабатты ғимараттың бір бұрышы өртене жөнеледі. Дер кезінде шақырту алған өрт сөндірушілер де оқиға орнына тез жетуге тырысты. Құтқарушылар келгенше жұмысшылар өртті өз күштерімен өшірмек болды. Ол үшін құрылыс алаңындағы мұнаралы акран ішіне су толтырылған бетонараластырғыш бөшкені іліп алып, өртеніп жатқан жерге жеткізді. Дегенмен, монолит құйылып жатқан жерде қарақағаз болғандықтан, оның тек үстіңгі қабаты емес, асты да шатырлап жанып жатты.
Осы сәтте келіп жеткен өрт сөндірушілер төменнен су шашуға кірісті. Арада 15-20 минут өткеде тілсіз жау толық ауыздықталды. Адам шығыны мен өрттің неден шыққаны жайлы ақпарат әзірше айтылған жоқ.
[youtube]http://youtu.be/uEBi3cyX0tQ[/youtube]