Шымкентте көгілдір отын бағасы қымбаттады

Газ бағасы 62 тиынға артып отыр
Газ бағасы 62 тиынға артып отыр
Газ бағасы 62 тиынға артып отыр

Оңтүстікте 1 наурыздан бастап көгілдір отын қымбаттады. «ҚазТрансГазАймақ» компаниясындағылардың айтуынша, газ бағасының көтерілуін тұтынушылар сезбепті. Өйткені, тарифті бар болғаны 0,27 пайызға көтердік дейді. Оңтүстікқазақстандықтар үшін көгілдір отынның бір текше метрі бұрын 22 теңге 931 тиынды құраса, енді 22 теңге 993 тиын төленуі тиіс. Яғни, газ бағасы 62 тиынға артып отыр.

Ержан ҮСІПӘЛИЕВ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ директорының кеңесшісі: «Сатып алынатын газдың қымбаттауына байланысты қымбаттап отыр. Көтерілген тарифтің мөлшері ҚР-ның монополияға қарсы комитетінің хатымен бекітілген. Өзбекстан көгілдір отын бағасын көтерген жоқ. Мәселен, жылдың басында Қазақстан мен Өзбекстан доллармен келіскен. Сондықтан доллар өскен сайын бағаның да өсетіні белгілі».

Естеріңізде болса, көгілдір отын бағасы тура осыдан 6 ай бұрын да қымбаттаған. Ол кезде монополистер бірден 17 пайызға көтерілген газ бағасының себебін, құбырларды жаңғырту ісімен түсіндірген еді. Және 2018 жылға дейін бұл құнды тұрақты ұстаймыз деп уәде берген. Айта өтейік, Оңтүстікте «ҚазТрансГазАймақ»-тың отынын тұтынатын 210 мыңнан аса абонент бар.