Шымкентте сұмдық жол апаты болды

897
Екі көлік соғысқан соң БМВ аударылып кетті

Шымкентте сұмдық жол апаты болды. Қонаев даңғылының бойында БМВ және Тойота көліктері соқтығысып қалған. Салдарынан БМВ аударылып, жолдың шетіне шығып кетті.

Екі көлік соғысқан соң БМВ аударылып кетті
Екі көлік соғысқан соң БМВ аударылып кетті

Соққының күшті болғаны соншалық, неміс көлігінің тас-талқаны шығып, жарамсыз болып қалды. Құдай сақтағанда бұл апаттан опат болған адам жоқ. Дегенмен, екі көліктің де жүргізушілері жарақат алды. Оларға оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсете бастады. Сонымен қоса жол апаты болған жерге жол полициясының екі тобы келді.

Құдай сақтағанда опат болған ешкім жоқ
Құдай сақтағанда опат болған ешкім жоқ

Алдын ала болжамға сәйкес, БМВ көлігі даңғылды бөліп тұрған темір шарбақты қиратқан күйі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде оны Тойота бүйірден келіп соққан. Сөйтіп, ақ түсті көлік көше қозғалысына қарсы қарап тұрып қалады. Осыған қарағанда соққы қатты болған секілді. Ал БМВ жүргізушісінің рөлді басқара алмай қалуына не себеп болғаны белгісіз. Бір анығы, көлік даңғылдың ортасындағы бөгеттен тоқтамаған күйі өтіп кеткен.

БМВ түкке жарамсыз болып қалды
БМВ түкке жарамсыз болып қалды

Кешкі уақыт болғандықтан, көшеде көлік кептелісі пайда болды. Оқиға орнына өткінші адамдар көп жиналып қалды. Қазір осы жол апатының себеп-салдарын жол полициясының инспекторлары тексеріп жатыр.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=azzn-_ZKglU[/youtube]