Шымкентте «Тазалық» айлығы басталды

742
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қызу кірісті тазалық жұмысына.
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қызу кірісті тазалық жұмысына.

Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті. Жалпықалалық деген аты болмаса, бұл күні белсенділік танытқандар көп бола қойған жоқ. Тек шенеуніктер мен әдеттегідей білім мекемелері мамандары ғана қолына құралдарын алып шықты. Оның өзінде қала қоқыстан тазарды деп айта алмайсыз. Қалада 30 наурыз бен 30 сәуір аралығы «Тазалық» айы деп жарияланған. Бірақ тазалыққа бас қатыратындар көп болған жоқ. Міндеттелген мемлекеттік мемелерден басқа.

Тайлы тұяғымен тазалау ісіне белсенген қала әкімдігі болды. арасында қала әкімі Қайрат Молдасейітов те бар. Ал ауласына келіп көше тазалап жатқандарды терезеден тамашалағандарды көрген бетте әкім ашуға булықты.

суботник

Бұл күні сондай-ақ студенттер де жүр сабылып. Бірі сабақтан босатылғанына мәз, кей бері шын мәнінде белсенді.  Сенбілікпен қатар қалада жәрмеңке де қайнады. Бірақ мұндағы сатушылар тазалыққа басын қатырмайтындығын айтты.

суботник4

Сенбілікте белсенбедім деп бетіңіз қызармай ақ қойсын. Туған қалаңыздың тазалығына әр сенбі сайын атсалыссаңыз болады. Тазалық айлығының аяқталуына әлі бір ай бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GW2lHU1gbFM[/youtube]