Шымкентте жаңа шифер зауыты салынбақ

756
Шифер зауыты салынбақ
Шифер зауыты салынбақ
Шифер зауыты салынбақ

Шымкентте жаңа шифер зауыты ашылады. Талшықты цемент өнімдерін өндіретін кәсіпорын құрылысын алматылық компания қолға алған.

Өндіріс сызығы, қойма, шаруашылық ғимараттары… Мұның бәрінің жобасы тек сызба күйінде әлі. «Тектум инженеринг» мекемесінің техникалық директоры Жолшыбек Аккулов Шымкентте 2014 жылы   жаңа шифер зауыты іске қосылады деп сендіреді. Құрылыс алаңында басшы бар уақытын өткізеді.

Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың қазан айында басталған. Қазір дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Алда өндіріс құрал жабдықтарын жеткісзу, құрастыру сияқты қарбалас жұмыстар бастан асады. 

 Жолшыбек Аккулов, техникалық  директор: «Бізге, яғни ОҚО-ның тұрғындары үшін жаңа шифер зауыты өте тиімді болмақ. Жыл сайын 2,5 млн. өнім шығаратын боламыз».

Ал Шымкенттегі ескі шипыр зауытын қайта жандандыру сол күйі мүмкін болмады. 50 жылдық тарихы бар кәсіорын 2007 жылы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алдымен басшылық цемент тасымалының жоқтығына шағымданған. Сол кезеңде 350 зауыт қызметкері жарты жылдап жалақысын ала алмай сандалған. Төзімі таусылған жұмысшылар 10 млннан астам қарызын сұрап бас көтерген де еді. қарыз төленді, бірақ зауыт тұралады. 

Сонда да облыс бсшылығы бұрынғы зауытты қайта түлетуге үмітті.  Жаңа зауыттың да жұмысы жанданады деп отыр. » Бизнестің жол картасы» және индустриалды инновациялық даму сынды қос бағдарламаның қолдауымен қолға алынғанын ескерсек,  жаңа шифер зауытының ғұмырын ұзаққа баладық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uFRuTDS5Zko[/youtube]