Шымкенттің жер көлемі бас жоспарға сәйкес 117 гектарға ұлғайды. Ал қала адам танымастай өзгереді. Су жаңа жобалар бүгін өткен қоғамдық тыңдауда таныстырылды. Сәулетшілердің сөзінше орталық һәм шеттегі шағынаудандарда бұрын соңды болмаған құрылыс жұмыстары жүреді. Мәселен, олар Гүлжан аялдамасынан Әл-Фараби алаңына дейін көп қабатты үйлер салуды ұсынып жатыр. Ал бұл маңдағы ескі үш қабатты баспаналарды бұзу керек деген пікір айтты. Шымкент қаласы аумағына өткен елді мекендер түбегейлі өзгеретін болды. Тәукехан көшесінің соңғы жағы мен Сайрам ауданынан өткен аумақ енді «Сауран» шағынауданы деп аталмақ. Оның өзі 6 ауданға бөлінбек. Мұнда тек 5, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер салынады деп жоспарлануда. Және 188 мың адам тұрады. Бұл жобаны ұсынып отырған «Казгипроград Жобалау институты » ЖШС-і.
Светлана Рябых, жобаның бас сәулетшісі: » Жобаланып отырған ауданның алаңы 2775 гектар. Бірінші ауданда қалалық балалар аурухана, екі бала бақша мен бір мектеп бой көтермек. Екінші ауданда интернат әлеуметтік оңалту орталығы, алты бала бақша мен екі мектептің құрылысы қарастырылған.Сондай -ақ шағынауданда мешіт, саябақтар, жүзу бассейні, спорткешені мен шағын гольф алаңына дейін болады».
Сондай-ақ мұнда 16 қабатты қонақ үйлердің құрылысы да қарастырылған. Жаңа елдімекен сапалы электр қуатымен де қамтылуы тиіс. Бұл тұста жергілікті билік өңірдегі барлық мүмкіндіктерді пайдаланбақ. Өйткені Сауран Шымкенттегі су және әрі көрікті аудан болмақ.
Алексей Буреломов, инженерлік қамту бойынша бас маман: «Біздің ұсынысымыз. Көпқабатты үйлер және де өзге нысандарды жылумен қамту үшін өндіріс аумағындағы 3-Энергорталықтың қуатын кеңейту қажет. Электр энергиясын өңдейтін қосымша генераторлар салу керек. Сонымен қатар бірқатар электр тораптары артық етпес. Бар тораптарды да реконструкциядан өткізу қажет. Біз электр газ жүйелерін ауданның сыртына шығаруды ұйғардық».
Қоғамдық тыңдау кезінде әр аудандағы өрт қауіпсіздік мәселесі де сөз болды. Мамандар қосымша резервуарлар мен гидранттардың құрылысын да қарастырдық деп отыр. Жаңа ауданның нақты жобасына қоғамдық тыңдауда айтылған басқа да ұсыныстар еңгізілмек. Сәулетшілер таяуда жобаның сызба жұмыстарына кіріседі.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4RqtCQyLP8U[/youtube]