Оңтүстіктегі «Суретші — оқытушылар Одағы» алғаш рет шығармашылық көрмесін өткізді. Портрет, пейзаж, шығыс натюрморттары, тарихи суреттер, қол өнері сынды композициялық жанрды толық қамтыған ұстаздар өздерімен бірге оқушыларының да туындыларын паш етті. Көрменің негізгі мақсаты облысымыздың суретші-оқытушылары шығармашылығын қолдау болса, ең бастысы шыңдалуға, еңбектерін көпшілікке көрсетуге жағдай жасау. Сондай-ақ, бұл көрмеде жаңа есімдермен танысуға мүмкіндік берілді.

snapshot20130425164727

Өнерлі ұстазынан өнеге алып, қыш өнерінің шебері атанғысы келетін Ұлбосын Рысбаева болашақта шәкірт тәрбиелегісі келеді. Әзірге үйреніп, әке жолын қумаққа бел буыпты.

Ұлбосын Рысбаева, студент: «Бұл өнердің үйренуі көп. Десе де бала күнімнен әкеме ұқсап, керамикалық құмыры жасағым келді. Қазір өнер колледжінде 3-курста оқимын».

Өнерлі шәкірттерге бай ұстаздар облыстық көркем сурет галериясында бас қосып, тұңғыш рет шағырмашылық көрме өткізді. Кәсіби дәрежесі жоғары майталмандардың 300-ге жуық туындылары қойылыпты мұнда.

Айдар Ниязов, А.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің директоры: «Бүгінгі бастама әлі де жалғасады деп ойлаймын. Өнерлі ұстаздар бас қоысп, осындай шығармаларын көрмеге шығарып, жастарға үйретіп жатса несі айып?».

көрме барысы
көрме барысы

Қылқалам шеберлері мен қол өнер шеберлері жиналған көрменің барысында шеберлік сабақтары да, тернингте өтті. Сахна төрінен орын алған ұстаздары шығармашылығын тамашалауға жастар көптеп жиналыпты. Яғни, суретші оқытушылар шығармалары мен жастарды мәдени, рухани тұрғысынан тәрбиелеуге бел буыпты.

Осылайша мектептер мен колледждердегі сурет және сызу пәнінің мұғалімдерін елге танытып, дарын иелерін тәжірибе алмасуға үйрететін мұндай көрме алдағы уақытта жиі өткізіліп тұрмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_2ts0zVnlps[/youtube]