Түлкібас ауданында сот шешімі бойынша Мұртаза атындағы мектеп-гимназия уақытша жабылды.
Бұл туралы бүгін облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс- мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында аудандық төтенше жағдайлар басқармасының талап-арызы негізінде қаралған.
Қорытынды, оқу ордасының әкімшілік бөлігіндегі ғимаратта өртке қарсы ережелердің жоқтығын анықтады.
Білім ордасындағы олқылық орнына келмейінше, мектеп-гимназия жұмысына кіріспейтін болады.
Ал сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.