халық қалаулысы оқушылармен кездесті

 

халық қалаулысы оқушылармен кездесті
халық қалаулысы оқушылармен кездесті

Назарбаев атындағы зияткерлік мектепте «ақылды бейсенбі» атауымен кездесу болып өтті. Мұндағы оқушыларға облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева қонаққа келіп, күнделікті сабақ барыстарымен танысты. Барлық жағдайы жасалған, заманауи үлгіде жабдықталған білім ордасында оқып жатқандар шәкірттермен әңгіме дүкен құрды. Апталық аясында бас қосқандар болашақтың тәрбиесіне көптеп тоқталды. Әсіресе, қызын қырық үйден тыйып келген қазақ қызының бүгінгі жәйі сөз болды.

Рәшкүл Оспанәлиева, облыстық мәслихаттың депутаты:»Қазақ қыздары ибалы, инабатты, ең бастысы тәрбиеле болу керек. Алдына мақсат қойып, соған қашан жетемін деп емес, жетудың жолында еңбек етіп, ерінбеу керек. Жасыратыны жоқ, жастайынан жыныстық қатынасқа түсіп, баласын далаға тастап кетіп жатқандар бар. Олар өз өмірлеріне балта шабуда. Қоғам болып күрессек те, отбасы тәрбиесінің маңызы зор».

Іскер әйелдің, халық қалаулысының, ең бастысы ананың ақылын тыңдаған оқушылар тәрбие тал бесіктен басталатынын жақсы түсінеді. Сондықтан болар, қыздардың анасымен ашық әңгімеге шақырды.

Әсел Аубакирова, зияткерлік мектептің оқушысы:»Әр қыз өз анасымен ашық сөйлесу білу керек. Сонда ғана, қызы анасына қарап бой түзейді. Қыз деген атаққа дақ түсірмес үшін, саналы, тәрбиелі болу керек».

Интеллектуалды мектепте тәрбиеге ерек көңіл бөлінеді. Арнайы апталықтарда бөлек, кездесулер, күнделікті ашық пікір-таластар көптеп өтеді.

Талғат Жүсіпбек, Зияткерлік мектептің физика-математика бағытындағы директордың орынбасары: «Қыздың тәрбиесіне келгенде қатаңдық керек сияқты. Қызым үйде, қылығы түзде деген бар. Расында да қызыңыз кіммен араласыды, досы кім, қолындағы телефонға кім хабарласады деген сұрақтар әрбір ата-ананың ойында болса, қадағалаудағы қыз шалыс баспасы анық».

Өмірлік тәжіриебесімен бөліскен халық қалаулысы білімге ұмтылған болашақтың сұрақтарына да жауап берді.Осылайша кездесу соңы, сырлы сұқбатқа айналды.