Бүгін Жұбаныш бізде қонақта болды. Жетісайдың педагогикалық колледжінде қызмет істеп жүрген кезінен таныс бауырымның келгеніне шын қуандым. Адамдығы мен азаматтығы аласармас абыройлы әншіге көремен ағынан жарылып ақ тілегін ақтарды.
Елдің алғысын арқалаған әншінің Шымкентте 7-ші сәуірде «Оңтүстікцирк» ғимаратында ән кеші өтеді. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста Жұбаныш лиркалық әндерімен тыңдарманын тербемек. Концертке Мұхтар Шаханов, Кеңес Дүйсекеев ағаларымыз қонаққа келеді екен. Бір рахаттанып шын өнерге сусындайтын болды ел…
«Әннің халыққа жеткізер мәйегі, жүрегі -мәтіні. Мен мұны соңғы жылдары ұғына бастадым. Сондықтан да өнерге қанат қаққан өзімнен кейінгі жас әнші орындаушыларға әннің мәтініне тереңдеп мән берсе екен»-дейді Жұбаныштың өзі. «Сіз жолы болғыш жансыз ба?»-деген сұрағыма «Жолым болмайды деп жылаудың өзі дұрыс емес. Менің осы бүгінгі елмен жүздесуімнің өзі жолымның болғаны. Аман есендікпен еңбек еткеннің өзі жолы болғагдық деп есептеймін» дейді Жұбаныш.