Жауын мол жауса — шаруаға жайлы

791
Көктемгі жер жырту науқанынан көрініс
Көктемгі жер жырту науқанынан көрініс
Көктемгі жер жырту науқанынан көрініс

Жауын- шашынның егістікке оң әсерін ауыл шаруашылығы басқармасындағылар атап өтуде. Былтыр көктемгі дала жұмыстары кеш басталған болатын дейді. Яғни наурыз айының соңында басталған,  биыл ол науқан аяқталуға жақын.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы егін және су шаруашылығы бөлімінің бастығы:»Жаздық астық егіс  36 мың гектардың 20 мыңы нақты егілді. Биылға 35 мың гектарға жоңышқа ,114 мыңына мақсары егу межеленіп, қарізгі таңда олардың 20 мың гектары себілді. Ылғалды диқандар тиімді пайдалануда».

Техниканың дайындығы 90-94 пайызды құрайды. Үкімет тарапынан облыс агроқұрылымдарына көктемгі дала жұмыстарына 32 мың тонна жанармай белгіленді. Оның зауыттан босату бағасы 94 819 теңге. Қазіргі таңда 426 мың гектар жер айдалды. Жауынға қарамастан жер айдау жұмыстары таяу күндері аяқталмақ. Жылы күндер алда деп болжауда синоптиктер .

 Ольга Иконникова, ОҚО гидрометеорология орталығының бөлім бастығы: «Сәрсенбіден бастап күн ашылып, ауа температурасы түнде 5-10 градус, ал күндіз 15-20 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік аймақтарда 23 градусқа дейін көтеріледі».

Ылғалдан жеміс ағаштары бүршік атып, айнала жасыл-желек. Биыл 79 мың гектарға көкөніс пен бақша егіледі деп күтілуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LnkIDjxg5_Y[/youtube]