Опырылып түскен жолдардың зардабын алдымен жылдамдықты асырғандар көріп жатыр. Ойдымға түсіп әбігерге түсуде. Шәмші Қалдаяқов көшесіне жөндеу жұмыстары осыдан 5 жыл бұрын жүргізілген. Ал өткен жылы «Қазтрансгазаймақ» мекемесі былтыр осында модернизациялау бағдарламасы аясында құбырларды жаңалаған. Құрылысты жүргізген «Асарстрой» серіктестігі қазба жұмыстарынан кейін жолды тегістегенімен, жол жарамсыз болып қалды.
Тұрғындардың шұқыр жолдың азабын айтып6 бармаған жері қалмаған. Қазтрансгаз аймақ басшылығына, «Нұр Отан» мен қала әкімдігіне де шағымданған, бірақ нәтиже жоқ
Жолдың бұл бөлігінде туындаған мәселені қазір қала әкімдігіне қарасты тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары бөлімі тексеруде.
Мамандардың мәлімдеуінше, дәл осындай ақаулар орын алған Бәйтереков пен Ақназархан көшелеріндегі жол жөнделген. Қынжылтатыны кінәлілер анықталмаса, жолды тегістеу жұмыстары бюджет есебінен жүргізіледі. Ш.Қалдаяқов көшесіндегі жөндеу жұмыстары екінші бөлігінде биыл жалғасты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gv_wj37A_Hc[/youtube]