Қаржының жартысын жинап, пәтерлі болмақ

"Нұрсәт" шағынауданында "Қолжетімді баспана" бағдарламасымен берілеті үй осы

 

"Нұрсәт" шағынауданында "Қолжетімді баспана" бағдарламасымен берілеті үй осы
«Нұрсәт» шағынауданында «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен берілеті үй осы

Алдағы 10 күн ішінде «Нұрсәт» шағынауданында тұратын отбасылар тағы 100-ге артады. 54 пәтерлі екі көпқабатты үйдің тұрғындарды қабылдауға қаншалықты дайын екенін бүгін қала әкімдігінің мамандары, арнайы комиссия өкілдері барып көрді.

9 қабатты екі үйдің де сапасы жоғары. Жоспар бойынша әр шаршы метрі 83 мың теңге деп есептелген. Болашақ нұрсәттіктер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, бұл баспананы алу үшін алдын-ала «Тұрғын
үй жинақ банкінен» есеп-шот ашып, пәтер құнының жартысын құрайтын қаржыны құйған.

Бүгінгі таңда «Тұрғын үй жинақ банкіне» қаражатын құйып пәтер алу кезегін күтіп отырған 2000-нан астам отбасы бар.

2013 жылдың жарты жылдығында жергілікті басшылар әлі 6 үйді қолданысқа тапсыруды жоспарлап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OiLcW-1q09Y[/youtube]