Қоқыс тиеген көліктерді «қоқысханаға» кіргізбей қойды

286
қоқыс көліктерін кіргізбей қойған

Шымкентте қоқыс тазаланбай қалды. Өйткені, қоқыс тиген жүк көліктерін қала сыртындағы қоқысханаға кіргізбей қойған. Абдыраған жұмысшылар ескертусіз кіргізбей қойған мердігер компанияға наразы.

халықаралық маңызы бар жолда кептеліс орнады
халықаралық маңызы бар жолда кептеліс орнады

Таңертеңнен қоқыс көліктері халықаралық маңызы бар тасжолдағы қозғалысты шектеп қойды. Ұзын-сонар кептелістің себебі біреу. Қоқыс алаңына бүгін көліктерді кіргізбей қойыпты.

қоқыс көліктерін кіргізбей қойған
қоқыс көліктерін кіргізбей қойған

Онсыз да қаланы қоқыстан тазартып үлгере алмай жатқан тазалық мекемелерінің жұмысшылары, бөгеліп тұрғандарына күйініп, амалсыздан алаңға күштеп енуге бел буды. Десе де қоршаған күзетшілермен, жіптей тізілген көліктерден өте аламады.

Көліктерге қоқыс төккізбей тұрған «Ақ ордасы» корпорациясы екені белгілі болды. Бұл мердігер компания былтырдан бері қоқысханада культивация жұмысына кіріскен болатын. Келісім-шарт бойынша, маусым айында жұмыстарын толық аяқтап, өткізулері керек. Күндіз-түні қоқыс тиеліп ағылып келіп жатқан көліктер жұмысымызға кедергісін тигізіп жатыр деген компания мамандары да ызалы.

Нұржан Қауысбеков, «Ақ ордасы» корпорацияның өкілі, учаске бастығы: «Бір жылдан бері жұмысымызға кедергі жасап келеді. Хат жазғанбыз қалалық ТҮКШ бөліміне. Ескерту бір емес, бірнеше рет болды. Бірақ ешқандай шешім жоқ. Сосын бүгін осылай істеуге тура келді. Бізде жұмысты уақытылы өткізуіміз керек қой».

жұмысшылар наразылығын білдірді
жұмысшылар наразылығын білдірді

Ұзаққа созылған даудан соң, екі жақ бір шешімге келді. Алайда, ол шешім де уақытша. Қоқыс төгуге екі күнге ғана рұқсат берілді.

Қапалбек Тұрдыбеков, «Спецавтотранс» ЖШС-ның директоры: «Бір-екі күнге рұқсат алдық. Бұл жерде кінәліні іздеуге болмайды. Жаңа қоқыс палигоны ашылғанша, бұл мәселене реттейміз деп ойлаймын. Мұндай жағдай болмайды».

Екі күн ішінде мәселе шешілсе игі. Олай болмаса, қала көшелері қоқысқа көмілетін түрі бар. Күн ыстықта ол өте қауіпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WKAWXJEPdhU[/youtube]