Өз құқын білмейтіндер көбейген

Нұр Отан

Өз құқыңызды өзіңіз қорғаңыз. Әйтпесе, алаяқтардың арбауына түсіп қалуыңыз мүмкін. «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен облыстың бас қаржы полицейі «Сыбайлас жемқорлыққа байланысты» өткізіліп жатқан айлық бойынша азаматтарды қабылдады. Шағым түсірген тұрғындардың көпшілігі баспанасынан айрылып қалған немесе заңды білмегені себепті опық жеп жүргендер.

Карима Әлімова
Карима Әлімова

Карима Әлімованың отбасы 8 жылдан бері баспанасыз сергелдеңге түсіп келеді. Бір күнде үйінен айрылып қалған азамат жағдайдың қалай болғанын да түсінбей қалған. Есінде қалғаны, жұбайының жұмысындағы әріптесі бір сылтаумен үйіне кіріп шыққан. Арада біршама уақыт өткенде соттан үйінен шығу туралы шешім келіп, төбесінен жай түскендей болыпты. Әділдік іздеген ол осы уақыт ішінде құқыққорғау органдарынан көңілі қалыпты.

Мамандар ерлі-зайыптылардың шағымына бір айдың ішінде жауап беруге уәде етті. Қоғамдық қабылдауға бірінші рет келген олар кездесуден үлкен үмітпен қайтты.

Сыбайлас жемқорлық бойынша қабылдауға келген азаматтардан байқалғаны, көпшілігінің опық жеп қалуына өз құқын білмейтіні. Облыстың бас қаржы полицейі мен «нұр отандық» өкіл келгендердің көпшілігіне заңгерлік кеңес беріп, жол көрсетті. Қабылдауға келген 8 азаматтың арызына 1 ай ішінде жауап қатуға уәде етті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pBq0a6lj3aE[/youtube]