Алдағы 10 күн ішінде «Нұрсәт» шағынауданында тұратын отбасылар тағы 100-ге артады. 54 пәтерлі екі көпқабатты үйдің тұрғындарды қабылдауға қаншалықты дайын екенін бүгін қала әкімдігінің мамандары, арнайы комиссия өкілдері барып көрді.
9 қабатты екі үйдің де сапасы жоғары. Жоспар бойынша әр шаршы метрі 83 мың теңге деп есептелген. Болашақ нұрсәттіктер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, бұл баспананы алу үшін алдын-ала «Тұрғын
үй жинақ банкінен» есеп-шот ашып, пәтер құнының жартысын құрайтын қаржыны құйған.
Бүгінгі таңда «Тұрғын үй жинақ банкіне» қаражатын құйып пәтер алу кезегін күтіп отырған 2000-нан астам отбасы бар.
2013 жылдың жарты жылдығында жергілікті басшылар әлі 6 үйді қолданысқа тапсыруды жоспарлап отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OiLcW-1q09Y[/youtube]