«Нұр Отан» ХДП-ның өңіріміздегі филиалы өткізіп жатқан қоғамдық қабылдауға келушілер толастар емес. Қарапайым халықтың қордаланған мәселелерін тыңдап қана қоймай, шешу жолдарын қарастыруда. Бүгін әлеуметтік салада өткен қабылдауда партиялық жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Есемхан Бертаев төрағалық етті.
Алдын-ала жазылған жиырма азаматтың негізгі мәселесі — жұмыссыздық. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар, жұмыспен қамту орталығынан да қайыр жоқ дейді. Жылдар бойы жұмыссыздар тізімінде тұрған Натиша Едилова қоғамдық жұмыс деп, көше сыпырушы болып, ауыр жарақат та алған.
Натиша Едилова, қала тұрғыны: «Күйеуім мүгедек. Соған қараймын деп, менде жұмыссыз отырмын. Бала-шағам мектепті бітірген соң, жоғары оқу орнына түсе алмады. Оларды ақылы оқытуға шамам да жоқ. Жұмыс іздеп келдім. Күйеуімнің 21 мың мүгедектікке берілетін ақшасына күн көреміз. Қандай көмек болады? Тым құрығанда мектеп пен бала-бақшаға еден жуушы болсам да болар еді».
Қабылдауға ардагерлер де арқаланып келіпті. Олардың назы-сауықтыру мекемесіне жолдама алу. Сондай-ақ, еңбек құқығы бұзылғандар да осында. Бас партияға соңғы үмітпен келгендер, проблемаларының заңды түрде шешілетіндігіне сенімді.