Әбу Ханифаға арналған тұңғыш жыр мүшайрасы өтті

523
Мүшайрада Аллаға деген мадақтаулар айтылды

 

Дін тақырыбындағы тұңғыш мүшайра Созақ ауданында өтті

Созақта Әбу Ханифаға арналған тұңғыш жыр мүшайрасы өтті. Елбасымыз жастарды жат пиғылды діни топтардың жетегінде кетуден сақтайтын тиімді іс-шаралар кешенін әзірлеу керек деген болатын . Дін тақырыбындағы тұңғыш мүшайраға бізде қатыстық. 

Созақ аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған республикадағы тұңғыш жыр сайысы «Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабы – дініміздің ұйытқысы» деп аталды. Негізгі мақсат – ұлттық тәлім-тәрбиемізді насихаттау, қоғамдағы жат пиғылдардың өрісін тарылту болып табылады. Мүшайраға іріктеуден өткен сегіз ақын қатысты.

 

 

Мүшайра жеңімпазы Ескермес Жақсымбетұлы атанды

Дін бұл – адамның жаны мен әдебінің аясы. Еліміздегі көпшілік мұсылман тұтынған жол – имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы екендігі әрбір айтылған өлең барысында түсіндірілді. Ол – мұсылманшылық ғылымының негізін құраушы. Ақидалық жол жетекшісі болған үлкен ғалымның терең зерделенген еңбегі халық арасында кеңірек тарауына ықпал етілді.

 

Мүшайрада Аллаға деген мадақтаулар айтылды

Елімізде ұлтаралық татулық қалыптасқан. Созақ ауданында діни ахуал тұрақты. Мүшайрада Аллаға деген мадақтаулар өлеңменен жеткізілді. Жүйріктердің ішіндегі үздіктер анықталды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Дінге қалам тартқан ақындар мұндай жыр шумақтарының әлі де туындай беретінін айтады. Ал, ұйымдастырушылар мүшайраны дәстүрлі түрде өткізуді қолға алып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wZugFVwlI1c[/youtube]