Әскери шеру өтті

Болашақ офицерлердің қатарда сап түзеуі

 М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы бүгін қос мерекені атап өтті. Ол білім ордасындағы әскери кафедраның құрылғанына 50 жыл толуы және 7-мамыр Отан қорғаушылар күні.

Курсанттар Әнұран орындауда

Шара әскери кафедрада білім алатын 500-ге тарта болашақ офицердің шеруімен басталды. Қаз- қатар сап түзеген курсанттар ардагер ұстаздарға құрмет көрсетті.

Болашақ офицерлердің қатарда сап түзеуі
Арнайы ұрыс техникалардың қатыстырылуымен көрініс көрсетілді

Ал оқу орнының әкімшілігі студенттерге темірдей қатал әскери тәртіп пен ұрыс қимылдарының қыр-сырын үйрететін оқытушыларды марапаттап, кеуделеріне арнайы сіңірген еңбегі үшін медалін тақты.

Әскери шеруде ардагер оқытушылар марапатталды
Мерекелік шараға соғыс және тыл ардагерлері шақырылды
Шара барысында бейбітшілік пен тыныштықтың символына айналған көгершіндер аспанға ұшырылды

Сонымен қатар ашық аспан астында әскери кафедра факультетінің қару-жарақтары мен техникаларының әуелетін көрсететін көрме ұйымдастырылды. 

Қару-жарақтар мен әскери техникалар қойылған көрме ұйымдастырылды