Жас туристтер сынға түсті. Машат шатқалында туристік көпсайыстан ОҚО әкімінің жүлдесіне арналған Кубок сарапқа салынды. «Көктемгі найзағай» деп аталатын облыстық ашық жарыстың бұл екінші кезеңі.
«Көктемгі найзағай» жарысында Оңтүсткі Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларына және спорттық туризмге байланысты сұрақтар да қойылды. Осылайша, ұйымдастырушылар облысымыздың әр ауданына барып, сол жердің тарихи мәдени мұраларын оқушыларға жақынырақ таныстыруды көздепті. Оған облыстық білім басқармасы жағдай да жасапты. Бұрын сайыскерлер өз қаражатына немесе демеушілер іздеп жарысқа қатысса, биыл әр ауданның білім бөлімі оқушыларын қажетті азық түлікпен қамтыған.
Сайыс қорытындысына келерболсақ, Шымкент қаласы мектептері арасында: 1 орын — №28 орта мектеп алса, 2 орын — №77 орта мектебінің оқушылары қанағат тұтты. 3 орын — №38 гимназиясының жас туристтері орналасты. Аудандар арасында: 1 орынға Түлкібас ауданының оқушылары көтерілді. 2 орын — Сайрам ауданының жастарына бұйырса,,3 орынға Бәйдібек ауданы жайғасты.
Ал бәсекенің үшінші кезеңі, ақтың мәре Бәйдібек ауданында маусым айында өтеді.