Жаңа автобус әкелінді

Жаңа автобустар қаламызда жүйткіп жүр
Жаңа автобустар қаламызда жүйткіп жүр
Жаңа автобустар қаламызда жүйткіп жүр

Қоғамдық көлікпен қатынаушылар үшін жағымды жаңалық. Шымкенттің бағыттағы автобустары су жаңа 10 көлікпен толықты. Көлік жаңа болғанымен қатынайтын бағыт өзгерген жоқ. Ендігі жерде қырғы базар мен Самал-3 бағытындағы жолаушылар жаңа көлікпен қатынайтын болады.

Қытай асып келген су жаңа автобустар осы. Енді бұл автобустар шымкенттік жолаушыларды тасмалдайды. Өңірдің күре жолына келген бұл көліктерді сатып алуға қатысқан компания тендердегі өзгерістерді күтіп отыр. Жаңа көліктердің саны әзірге 10. 

Жаңа көліктегі жағдай да жақсы. Жолаушылар үшін барлық ыңғайлылықтар қарастырылған. Жүргізушілер де разы. Автобус 18 орындық. 45 жолаушы сияды дегенді айтады олар. Бастысы көлік тығынын азайтып, тәртіп орнату. Осы екі мәселе жүйткіген жаңа көліктерге тұсау болмайды деп сенеді тасмалдаушылар.

Дархан Каюпов, «Южавтотранс»өкілі: «Халыққа берген уәдеміз де тұрамыз деп сенеміз. Жаңа көлік, жаңа қыфзмет арқылы қала да таза, темірдей тәртіп болады. Осылай бітртіндеп ескі автобустардан құтыламыз».

Айта кету керек, соңғы 5 айда шым қалаға 70 жаңа автобустар жеткзіліпті. Ал жыл соңына дейін тағы бірнеше бағыттағы көліктер жаңаланады. Олардың бағыты ескі автобустармен алмасатын болады.