1359 үміткердің 550-і ғана «А» корпусына өтеді

Биылғы күз айларына дейін Қазақстанда қала-аудан әкімдерінің 50-ге жуығы жылы орынтағымен қоштасуы мүмкін, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы осылай мәлімдеді.

«А» корпусына үміткерлер арасында өтіп жатқан тестілеуде 1800 азаматтың 1100-і ойдағыдай өткенін айтқан төраға, алдағы уақытта ұлттық комиссия сол қызметкерлердің тағдырын анықтайтын болады деп нақтылады. Айта өтейік 23-мамыр күні біздің облыстан Ербол Әлімқұлов, Бекайдар Әлімбетов, Байділда Жылқышиев, Шамхат Халмұрадов, Естебек Шардарбеков, Ляззат Шүкеевалар тест тапсырып жатыр. Ал мамырдың 19-ы күні тест тапсырып, үздік нәтиже көрсетіп келгендердің ішінде Бастар Есқараев пен Нұрбақыт Иманқұловтар бар.

Бастар Есқараев: "Білімділер міндетті түрде өтеді"
Бастар Есқараев: «Білімділер міндетті түрде өтеді»

Бастар Есқараев, облыстың бас еңбек инспекторы: «Сәуірдің 19-ы күні, 3-топта біз түсте кірдік. Біз кірген күні 34 адам кірді. Бізде құлағандардың саны аз болды деп ойлаймын. Себебі 34 адамның 14-і құлапты. Жалпы сұраққа келер болса, қолданыстағы заңдар, конституция, Үкімет, Парламент туралы. Күнделікті өмірде көп адам мән бермеуі мүмкін, бірақ оның барлығы қызметте қажет заңдар. Бірақ, бір нарсе айдан анық қашанда, білетін адам міндетті түрде өтеді».

Нұрбақыт Иманқұлов: "Білетінімді бір пысықтап алдым"
Нұрбақыт Иманқұлов: «Білетінімді бір пысықтап алдым»

Нұрбақыт Иманқұлов, әл-Фараби ауданының әкімі: «20-мамыр күні тапсырдық. Біздің патокқа 30 кісі кірді. Он төртіміз абыроймен тапсырып шықтық, қалған он алты адам өте алмады. Өзім ойлаймын, бұл өте керекті нәрсе, біріншіден біліміңді сынайсың, екіншіден бағыңды сынайсың».

24-мамыр күні Мұқан Егізбаев, Қалыйма Жантөреева, Нұрмахан Жолдасов, Роза Назарбекова, Қанат Сыдықов тест тапсырса, 25-мамырда Темірхан Айменов пен Әуез Мыңбатыров сынақ тапсырады.