Аспаз — қоғам сұранысына ие мамандық

7917
Болашақ аспаздар.

Түрлі тәттілер әзірлеу. Шеберлік. Жас аспаздар. Қаламыздағы №6 кәсіптік-арнаулы оқу орнының студенттері «Ашық есік» шарасын өткізді. Аспаздық өнердің түрлі тәсілдері мен құпиясын ортаға салған олар қонақтар алдында тағамдарға арналған әр қамырдың дайындалуын да ұсынды. Тіл үйірер тағам әзірлеуді меңгеріп жүрген замандастарымыз да көп. Солардың бірі — Максуда Саитова. 18 жасар ару бала күнінен аспаз болуды армандапты. Қоғам сұранысына ие мамандығыммен мақтанамын дейді ол.

Максуда
Максуда Саитова ұстаздарымен бірге тәтті нан әзірледі

Максуда Саитова, студент: “Мен қазір 2-курса оқимын. Кішкентай кезімнен аспаз болуды армандаған едім. Енді сол арманыма жетер күн алыс емес. Мен тамақтың кез келген түрін дәмді етіп әзірлеуді үйреніп жүрмін, мамандығым кондитер-есепші. Қазірдің өзінде тәтті нандарды емін-еркін пісіре аламын, құрамына не қосылатынын да жақсы білемін. Оны көркемдеу менің фантазияма байланысты. Сол үшін ой-өрісім кең болуы да ерекше рөл ойнайды бұл кезде. Ал қазір өздеріңіз көріп тұрғандай кәмпиттерден ойыншықтар да жасадым. Маған аса қиындық туғызбағанмен, бұл әдісті меңгеру үшін әжептеурім уақыт керек. Келгендер мақтап жатыр.Соған қарағанда жақсы шыққан-ау деп ойлаймын”.

Студенттер кәмпиттен ойыншықтар жасады
Студенттер кәмпиттен мынадай ойыншықтар жасады

«Шеберлер қаласы» деп аталған шараға келушілер де көп болды. Мұнда дәмді тағам дайындайтын шебер-аспаздыққа ғана емес, азық-түлік тауарларының сатушысы, карамелші-бисквитші, нан пісіру өндірісі, макарон өндірісі сияқты салалар бар. Талапкерлер де табылып, оқуға тілек білдірушілер қызғушылығы артып жатыр. №63 мектептің оқушысы Зарифа Фарманова шеберлік шарасына арнайы келіпті.

Зарифа Фарманова, оқушы: “Мен “ашық есік” күні болады дегенді естігеннен бері асыға күттім бұл сәтті. Себебі қаламыздағы көптеген кондитерлік кофейняларға барғанда, сондағы тәттілердің қалай жасалатыны мен үшін жұмбақ болып көрінетін. Қазір көз алдымызда қамырының иленуінен бастап таныстырып жатыр. Студенттер әселмен, жаңғақпен жасалатын тәтті нандарға не қосу қажеттігін де бүге-шігесіне дейін айтып жатыр. Қызығып кеттім. Енді биыл осы аспаз мамандығына оқуға түсемін. Анам да келешекте жұмыссыз қалмайсың деп қолдап отыр таңдауымды”.

Тәтті
Карамелші-бисквитші мамандар. «Ашық есікке» келген қонақтарға тәттілерін ұсынуда

Іргесі 1936 жылы қаланған №6 арнаулы оқу орнында бүгінде 625 студент білім алады. Оларға 40-тан астам шебер маман-ұстаздар бекітілген саланың қыр-сырын меңгеруге баулиды.

Мәдина Омарова, педагог (келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласы бойынша): “Дәл қазіргі уақытта бізде 3 мамандық 9 сала бойынша оқытылады. Бәрінен бұрын қазір жастар келіп, қызығушылық білдіріп, оқуға ниет білдіріп жатыр. Осылай келушілердің қатары қалыңдауда. Біз осы өндіріс орындарының немесе кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мамандар даярлаймыз. Біздегі мамандықтардың ерекшелігі де сол – бітіруші түлек жұмыссыз қалмайды. Мамандар өздерінің саласы бойынша, тапсырыс арқылы жұмысқа орналасады. Сондай-ақ бізде “офицант”(келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру) мамандығы бар. Қазіргі мейрамханаларға ауадай қажет. Өз саласының шебері болғанға не жетсін?! Дастархан тәртібін білудің өзі өнер дер едім. Бәрінен бұрын қуанатыным, бұрындары тек экономист пен заңгер болуға талпынатын жастар мынадай таптырмайтын әрі сұрасынқа ие мамандыққа үлкен қызығушылық танытып отыр”.

Осылайша ұстаздар қауымының айтуынша, бүгінде тамақөнеркәсібі мамандығына түсушілердің қатары күн санап артуда. Кей кездері мектеп оқушылары арнайы сұраныспен сабақ -жаттығуларға келіп қатысады. Бұл – олардың қызығушылығы ғана емес, қоғам қажеттілігін сезінуі екені анық.