Ауылдықтардың шаң жұтқысы келмейді

412
ауыр жүк көліктеріне жол жоқ

Тар көшеге тамаша болып өтетін ауыр жүк көліктеріне жол жоқ. Шаң-тозаң мен емес, таза ауамен тыныстағымыз келеді. Ордабасы ауданындағы Қажымұқан ауылының тұрғындары осылай деп наразылық білдірді.

ауыр жүк көліктеріне жол жоқ
ауыр жүк көліктеріне жол жоқ

Күре жол жексенбіде жабылған. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген көліктерден жүйкесі тозған Қажымұқан ауылының тұрғындары шегіспей беріспейміз деп тас-түйін отыр. Ол ол ма, бала-шаға да бұл күнде тысқа шығып еркін ойнаудан қалған.

Ауыл тұрғындары наразы
Ауыл тұрғындары наразы

Ләззат Дүйсенбекова, ауыл тұрғыны: «Отырып көріңдерші, біздің жағдайымызды бастан өткізбей ешкім түсінбейді. Жұтқанымыз топырақ, далада адам сияқты отыра алмайсың. Көшеге шығудан қалдық. Әкімнің өзі келіп көрсін, сенбесе».

Әбілда Биназаров, ауыл тұрғыны: «Жол түспесін демейміз, сала берсін жолдарын. Бірақ, халыққа кесірін тигізбесін. Қырмен жүрсін айналып, неге олар тесіп кеткен көшеде біздің немерелеріміз ойнау керек. Олар осы күні ойын дегенді ұмытты. Ойбай, көшеге шықпа, камаз басып кетеді деп аңдимызда отырамыз».

Тұрғындардың шыдамы таусылған
Тұрғындардың шыдамы таусылған

«Howo» деген мына көліктер ауыл жамағатының өңін былай қойғанда түсіне де кіретін болған. Ауыл көшелерінен өтетін арық-атызды бұзып, тас жолдың төсін тесіп, көпірді қиратқаны үшін соқыр тиын да төлемейді. Бірақ уәдесін береді. Орындалып жатқан ол да жоқ.

Ашынған ағайын : "ауылға жүк көліктері қайта кірсе өз-өзімізді құрбан етеміз" дейді
Ашынған ағайын : «ауылға жүк көліктері қайта кірсе өз-өзімізді құрбан етеміз» дейді

Оразкүл Медеубек, ауыл тұрғыны:»Көпірді бұзып тастады, тас әкеліп себеді, ол да сол күні жоқ болады. Мына арықтан ауыл огородын суаратын. Қазір егіс екпейміз де. Біз қашанғы топырақ жұтып, шаң-тозаңда өмір сүреміз?»

Жұрт көзінің шелі болған бұл жүк көліктері Темірланнан өтетін Батыс Еуропа, Батыс Қытай халықаралық дәлізіне құрылыс материалдарын тасиды. Тұрғындар алып құрылысқа қарсылығы жоқ, тек көліктер ауылдан айналып өтсе дейді. Бұл тілегін атқамінерлердің де алдына кесе көлденең қойған. Алайда тұщымды жауап ала алмапты. Біз де сауалымызға мәдениетті жауап ала алмадық.  Ордабасы ауданының шенеуніктері қызметтік этикасының тым төмен екенін байқатты. Аудан әкімінің орынбасары Ермек Сатенов тұрғындар мен жол салушылар арасында туындаған мәселені бірден шешіп, тілшілерге түсініктеме берудің орнына, арнамыздың түсіру тобына қоқан-лоққы көрсетіп, камераға ұмтылды. Сосын көлігіне мініп, тайып тұрды.

Ал мердігер компанияның жауапты мамандары аталған әрекеттің дұрыс емес екендігін мойындайды-ақ. Жүйесіз тірлік жүгенсіздердің әрекетіне тосқауыл бола алмайды дегенді де айтты. Ал бізге дөрекі мінезін дөп көрсетіп, мәселенің мәнін айтпаған әкімнің орынбасары мәселенің шешімін тауып қойыпты.

Түсірілім тобына күш көрсетіп, артынша мемлекеттік қызметкер екені есіне түскен Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары
Түсірілім тобына күш көрсетіп, артынша мемлекеттік қызметкер екені есіне түскен Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары

Ермек Сатенов, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары: «Ауылға кірместен сырттан айналатын болды. Құрылыс материалдарын тасып жатқан камаздар жолды өздері салатын болды. Ал жүргізушілердің дөрекілігін аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды».

Қысы-жазы «Howo» жүк көліктерімен күресіп жүрген ауыл тұрғындары, бала-шағаларының амандығы мен дендерінің саулығы үшін өздерін құрбан етуге дайын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pVsH8k89jCU[/youtube]