Азаттықтар көгілдір отынға қол жеткізді
Азаттықтар көгілдір отынға қол жеткізді
Азаттықтар көгілдір отынға қол жеткізді

«Азат» шағынауданындағы Ақ бастау көшесінің  тұрғындарына табиғи газ  берілді. Көп жылдары  газ баллонын пайдаланып келгендер енді   орталықтандырылған  жүйемен   көгілдір отынды тұтынады. Ең бастысы алдағы  жылу беру маусымында азаттықтар  көмір жағып қиналмайтын болды.Газды тәулік бойы пайдалануға мүмкіндік туғанына Бақыт Мұсаева қуанышты. Елдімекенге газ құбырлары тартыла бастағанда отбасы жылу құрылғыларын дайындап , батарейлерді де орнатып қойыпты .

Бақыт Мұсаева, Азат шағынауданының тұрғыны: » Қандай керемет.Газ бар. Пеш  жағып қиналмайтын болдық. Орталықтандырылған жүйеден  газ үздіксіз беріледі. «

Пірімқұловтар отбасы тағатсыздана күткен табиғи газдың жаңа баспана құрылысы аяқталған тұста берілгеніне риза. Отанасы тұрмыстағы күрделіктер бірден шешілді дейді.

Лариса Пірімқұлова, Азат шағынауданының тұрғыны: «Бұрын үш тонна көмір сатып алатынбыз. Оның тең жартысы жағуға жарамайтын. Пеш жағу оңай шаруа емес.Түтіндейді. Балалар да жиі ауыратын еді. Енді қыста рахаттанатын болдық. Көгілдір отынды ел қатарлы үздіксіз пайдаланамыз»

Газ құбырлары шағынаудандағы алдын ұмыт қалған 460 үйге тартылды. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Жаңа Арна -2002» мекемесі 2012 жылы бастап, жылдың соңына дейін аяқтамақ болған.

Аятжан Ысқақов, мердігер мекеменің өкілі: «Нысанды  биыл наурыз  айында аяқтауымыз керек еді .Алайда біз оны жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлағанбыз «

Мердігерлер нысанды уәде еткен мерзімде емес, кешеуілдетіп тапсырды. Алайда, азаттықтар осыған да шүкіршілік етеді. Өйткені газ тапшылығынан тартқан азаптарын ұмыта қойған жоқ.