Балабақша тәрбиешілері тәжірибе алмасуда

3568
Тәй-тәй технологиясының берері көп
Тәй-тәй технологиясының берері көп
ғарыш әлемімен танысу
ғарыш әлемімен танысу

Мемлекеттің болашағы — жас ұрпақ. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүлдіршіндердің бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, оларды халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек. Осы бағытта «Халықаралық тәй-тәй» технологиясының маңызы зор. Бұл туралы Шымкенттегі №97 «Ақмарал» балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңарту: мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында өткізілген республикалық ғылыми-әдістемелік семинарда айтылды.

Тәй-тәй технологиясының берері көп
Тәй-тәй технологиясының берері көп

Балабақша ұжымы өткізген шараға облыстық, қалалық балабақшалардың меңгерушілері, тәрбиешілері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы, ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, МДТ және бастауыш білім беру кафедрасының қызметкерлері қатысты. 

Семинардың басты мақсаты — «Халықаралық тәй-тәй» технологиясын насихаттай отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу саласына жаңаша педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу арқылы, білім беру жүйесін жаңа түрін ұсыну.

балақайлар ас дайындауды үйренуде
балақайлар ас дайындауды үйренуде

Семинарды ұйымдастырушылар баланың қалауын ескере отырып, оларды «топ-топқа бөліпті. Әр топқа бір жетекші бекітіліпті. Топ 8-9 баладан құралған. Мәселен, «а» тобындағы сәбилер қиял әлеміне саяхат жасаса, мектеп алды дайындық тобы ғажайып жұлдыздар әлемімен танысты. Ал, ортаңғы топтағы балақайлар «От чистого истока в прекрасное далеко» тақырыбында әңгіме өрбітті. Екіге бөлінген ересектердің «а» тобы жұлдыздар қалашығын соқса, «б» тобы бақыт планетасын тамашалады. Балабақшаның саз залында «Мир любви и добрых чувств» тақырыбында тренинг сабақтары өткізілді. Әдіскер: С.Ахметова, О.Великоцкая, А.Корюк жүргізген тренингке ата-аналар мен балалар қатысты. 

Біздегі балалар өз ойларын еркін жеткізіп, қарым-қатынас жасауға үйренді. Ойлау белсенділігі артып, қызығушылықтары оянды. Тәрбиешілердің бойында ізденуге деген талпыныс күшейді. Балабақшадағы топтық және жекелей жұмыстар нәтижесінде балалардың білім деңгейін көтеруге және қабілеттерін ұштай түсуге болатындығына көз жеткіздік, — дейді Шымкенттегі №97 «Ақмарал» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гүлмира Джаңабаева.

«Ақмарал» балабақшасы 2007 жылдан бастап «Халықаралық тәй-тәй» технологиясымен жұмыс істеп келеді. Гүлмира Мұстафақызының айтуына қарағанда, «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілер балаларды көпшіл болуға, көп білуге құмарлығын оятуға, мәселелік жағдайларды шеше білуге үйретеді. Сондай-ақ, тәрбиешілердің психологиялық-педагогикалық деңгейі, топтық және жекелей оқытуды ұйымдастыруы, жоспарлауы, баланы бағалауы, өз кәсібіне сын көзбен қарап, өзіне өзі баға бере біледі екен.

балалардың қолынан шыққан туындылар көрмесі
балалардың қолынан шыққан туындылар көрмесі

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар, балабақша ауласында тігілген киіз үйлердегі көрмені тамашалады. Бұл көрмеге, балабақша тәрбиеленушілерінің қолдан жасалған бұйымдары қойылыпты.
Семинарға қатысқандар «Халықаралық тәй-тәй» технологиясының тиімділігін аңғарды. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасайтыныдарын айтып, бір-бірімен тәжірибе алмасып тарқасты.