Балалар теміржолының құрылысы маусымның соңында аяқталатын болды. «Тұлпар» станциясын жөндеуді қолға алған мердігер компанияға жұмысты аяқтау мерзімі 25-мамырға тапсырылған болатын. Қазір мұнда құрылыс қарқын алған. Негізі сақталған касса мен диспетчерлер бөлмелері қайта қалпына келтіріліп, аялдама платформасы жаңалануда. Сондай-ақ демалыс аумағы көріктендіріліп, су бұрқағы салынады деп жоспаланып отыр.
Ерубай Құралбаев, көріктендіру және көгалдандыру бөлімінің сектор меңгерушісі: «Былтыр 26 млн теңге бөлініп ЖСҚ жасалынған еді. Жобаны «ЛюкСтрой»ЖШС әзірлеген. Құрылысты КДСМ мекемесі жүргізуде. Биыл бюджеттен 35,6 млн қаржы бөлінді».
Құрылысшылар жоспарлаған мерзімге нысанды аяқтау үшін демалыс күндері де жұмыс істеуде.