Білгім келеді

Қолжетімді баспана-2020

Сұрақ:

Жазира Ұларбекқызы, Шымкент қаласының тұрғыны: 

– «Қолжетімді баспана» бағдар-ламасы біздің отбасымызды да қызықтыра бастады. Бағдарлама аясында жас отбасыларға тиісті жеңілдіктер қаралған екен. Жалпы, бағдарламаға қатысу үшін қандай талаптар қойылады? Жас отбасылар санатына кімдер кіреді? 

Гүлнәр Әшірбаева
Гүлнәр Әшірбаева

Жауап:

Гүлнәр Әшірбаева, Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі:

– Жас отбасыларға – ерінің де әйелінің де жасы 29-дан аспаған, үйленгендеріне кемінде 2 жыл болған, қалада тіркелген және соңғы 5 жылда меншігінде баспанасы болмаған жастар кіреді. Ерлі-зайыптылардың ортақ табысы 56 мың теңгеден кем болмағаны жөн. Бағдарлама қатысушысының қайда жұмыс істейтіні маңызды емес. Баланың міндетті түрде болуы да шарт емес. Бірақ, комиссия құжаттарды қараған кезде некеде тұрған әр жылға 5 балдан, әр балаға 20 балдан бөлінеді. Қазір бізге 260 жас отбасы құжат тапсырды. Үй берілер кезде конкурс арқылы бұлардың біразы өтпей қалуы мүмкін. Олар келесі жолы берілетін пәтерлердің конкурсына қатысады. Осы жерде айта кетейін, бала көп болса балл көбірек жинаймыз деген түсінік болмауы керек. Өйткені, бұл көрсеткіш ерлі-зайыптының төлем қабілетіне де әсер етеді. Оларға ешкім кепіл бола алмайды.